Жаңалықтар
Қызылордалық бір топ студент садақ ату ойынының виртуалды үлгісін жасап шығарды

Мұндай толық аяқталған компьютерлік ойын Қызылорда облысында алғаш рет дайындалып отыр дейді мамандар. Абылайхан Қарсақбай және ағайынды Сұлтан мен Бек Қазилардың «3Д» туындысы IT мамандар тарапынан жоғары бағаға ие болыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бұл ойынды арнайы бағдарламалар негізінде 4 ойын өңдеуге арналған құралдар жиынтығының көмегімен 4 айда құрастырған. Әзірге қызылордалық өрендер ортағасырлық қала сипатындағы тұрып садақ ату ойынын ғана виртуалды әлемге енгізді. Алдағы уақытта ат үстінен нысана көздеу идеясын да «3Д» негізде жүзеге асыруға ниетті екен. «Осылайша компьютер мен смартфонға телмірген жастардың қазақтың ұлттық ойындарына деген қызығушылығын арттыру», – дейді жас өнертапқыштар.

Бек Қази, студент:

– Алда бізде көптеген ойын шығару жоспарымыз бар. Тек VR ғана емес, компьютерге де, ұялы телефонға да шығару ойымызда бар. Қазір 2 жоба дайын тұр, іске асырып жатырмыз.Тоғызқұмалақ, көкпар, асық ату осы барлық қазақ ойындарын ЗD моделін істеп, осындай ойын шығару жоспарда бар.
17.02.2020

Возврат к списку