Жаңалықтар
"Балаларға базарлық"

"Балаларға базарлық"

"Балаларға базарлық"

"Балаларға базарлық"

"Birgemiz”: “Sabaqtastyq” жалпыұлттық жобасы аясында «Арнау-Батыс» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің және Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ауданымыздың ерекше қамқорлықты қажет ететін 20 баласы Орал қаласындағы «Светлячок» туристік базасына бір күндік демалысқа барып келді.

Балалар күні бойы арнайы орындарда сырғанап түрлі ойындар ойнады. Биылғы жыл –«еріктілер жылы» деп жариялануына байланысты Батыс Қазақстан Облыстық Қазақстан Халықтар Ассамблеясы жанындағы «Достық» клубының мүшелері күні бойы балалармен бірге болып, ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, жақсы демалуларына барлық жағдайды жасады.

Балалардың Орал қаласына барып қайтуына көмектесіп, көлікпен қамтамасыз еткені үшін Алғабас, Бұлдырты, Жетікөл, Шолақаңқаты әкімшілігіне және Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне алғыс айтамыз.






14.02.2020

Возврат к списку