Жаңалықтар
Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Мемлекет басшысымен кездесті

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен "Birgemiz" волонтерлардың республикалық фронт-офисі ашылды. "Birgemiz" фронт-офисі "ЭКСПО" аумағындағы ArtHUB павильонында орналасқан. 

Бұл – консультациялық, әдістемелік білім беретін, ақпараттық орталық. Фронт-офис қызметкерлері Қазақстан бойынша волонтерлардың жобаларын үйлестіреді. 

Еліміздің ең үздік еріктілерінің басын қосқан бұл шарада Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Сабыржан Кеңшілік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Жеңіс" республикалық қайырымдылық жобасы мен Қызылорда қаласында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды. 

Әлеуметтік осал топтар, ҰОС ардагерлері мен тыл ардагерлеріне бағытталған бұл жоба Қызылорда қаласы аумағында 4 жыл көлемінде тұрақты жұмысын жүргізіп, 100-ге жуық ардагерге тікелей көмегін көрсетуде.
13.02.2020

Возврат к списку