Жаңалықтар
Әйелдер күштерінің альянсы Қазақстандағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөнінде Жол картасымен таныстырды

Әйелдер күштерінің альянсы Қазақстандағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөнінде Жол картасымен таныстырды

Әйелдер күштерінің альянсы Қазақстандағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөнінде Жол картасымен таныстырды

Әйелдер күштерінің альянсы Қазақстандағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөнінде Жол картасымен таныстырды

2020 жылдың 12 ақпанында сағат 12: 00 – де "Қазақстан әйелдер күштерінің Альянсы" ЗТБ "Қазақстандағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі жол картасын" таныстыру мақсатында баспасөз конференциясын өткізеді.

Статистика деректері бойынша Алматы қаласындағы халық саны 1 909,5 мың адамды құрайды, оның ішінде әйелдер (54%) - 1 031 мың, әйелдердің орташа жасы - 35,2 жас. Әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы 78 жасты құрайды. Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде әйелдер - 52% құрайды. Ал ШОБ-та тіркелген заңды тұлғалардың 32% - ын әйелдер басқарады.

2019 жылы Қазақстан әйелдер күштерінің альянсы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен зерттеу жүргізді. Әлеуметтік зерттеу негізінде "Қазақстандағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі жол картасы" әзірленді. 2020 жылдың 11 қаңтарында әкімдік алаңында ми шабуылы өткізіліп, Алматы қаласында әйелдердің әл-ауқатын арттыру үшін жол картасы әзірленді.

Жүргізілген жұмыстың нәтижелері бойынша Алматы қаласындағы әйелдердің әрбір жас тобының портреті анықталды және әйелдердің қажеттіліктеріне сәйкес ұсыныстар әзірленді. Осыған байланысты ұсынылады:

1.   Әйелдерге олардың құқықтары мен өмірлік қиын жағдайларда көмек көрсету жөнінде бірыңғай сайт пен байланыс орталығын құру.

2.   Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын әзірлеу – өнімді жұмыспен қамтудың құралы ретінде, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау жөнінде инфрақұрылым құру (әлеуметтік инкубаторлар, әлеуметтік дүкендер, сауда орталықтарында әлеуметтік жалға алу, әлеуметтік сөре және т. б.)

3.   Әйелдердің жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде ұсынылуына «50/50» қағидаты бойынша квоталарды бекіту.

4.   Репродуктивті денсаулық мәселелерін түсіндіру бойынша халықтың хабардарлығын арттыру.

5.   Қоғамда әйелдердің мәртебесін арттыру және "Eńbegі janan arýlar" ұранымен жұмыс істейтін әйелдердің имиджін насихаттау.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстанның әйелдер күштерінің Альянсы нақты іс-шараларды, қаржылық және әкімшілік ресурстарды көрсете отырып, Алматы қаласы бойынша Жол картасын бекітуді жоспарлап отыр.
12.02.2020

Возврат к списку