Жаңалықтар
Түркістан облысында студенттер қуат үнемдеуді үйреніп жатыр

Түркістан облысында студенттер қуат үнемдеуді үйреніп жатыр

Түркістан облысында студенттер қуат үнемдеуді үйреніп жатыр

Түркістан облысында студенттер қуат үнемдеуді үйреніп жатыр

Түркістан облысының студенттері энергия үнемдегіш технологиялардың тілін меңгеруде. Оларға мұндай мүмкіндікті БҰҰ Даму бағдарламасы сыйлап отыр.

Халықаралық ұйым Кентаудағы қазақ-неміс политехникалық колледжіне 4 бірдей стэнд орнатып берді. Бұл болашақта электр қондырғыларын құрастырумен айналысатын жастарға үлкен серпіліс болмақ. Енді студенттер осы зертханада түрлі тәжірибе жасайды. Энергия үнемдеудің әдіс-тәсілдерін үйренеді. Бұл БҰҰ Даму бағдарламасының әлеуметтік жобасы. Ал неге дәл осы оқу-орны таңдалды дегенге келсек. Қазақстанда тұтынылған барлық электр энергиясының 48 пайызы трансформаторлар мен  электр-қозғалтқыштардың үлесінде екен. Сол үшін 2017 жылы трансформатор өндіретін кәсіпорынмен «энергия тиімділікті арттыру» бойынша мемарандумқа қол қойылған. Енді міне, сол өндіріске кадр даярлаумен айналысатын оқу орнына да үлкен сенім артылды.

Рахат Сейсеков, студент:

- Үш фазамен кеп тұрған токты біз өзгерте аламыз, автотрансматор деген бар. Сол арқылы ток күшін өзгертіп,напряжениесін азайтып үйлерге, ауылдарға бере аламыз.

Әділет Тікенов, БҰҰ Даму бағдарламасының қазақстандағы сарапшысы:

- Осы арқылы студенттер әртүрлі зерттеу жұмыстарын орындай алады. Пайдалы әсер коэффициентін, шығындарын есептеуді үйренеді.
12.02.2020

Возврат к списку