Жаңалықтар
Елордада волонтерлер кездесуі өтті

Елордада волонтерлер кездесуі өтті

Елордада волонтерлер кездесуі өтті

Елордада волонтерлер кездесуі өтті

«Астана жастары» ресурстық орталығында 2 мыңнан астам волонтер бар. Олар елордада өтетін қоғамдық шаралардың бел ортасында жүреді.

Әсіресе көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруге дайын. Бас қаланың волонтерлары «Біз біргеміз» акциясы аясында бас қосып, тимбилдинг өткізді.Бұл шара апта сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Оған оқушылар, студенттер мен қала тұрғындары қатысып, спорттық сайыстарда бақ сынайды. Сондай-ақ атқарылған істерді бір пысықтап, алдағы жоспарларымен бөліседі. Көркем гимнастикадан халықаралық деңгейдегі спорт шебері, волонтер Анна Альябаеваның айтуынша, мұндай шаралар командалық рухты көтеруге септігін тигізеді.

Кәрібек Дәулет, қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың айтуымен 2020 жыл волонтерлар жылы болып жарияланған болатын. Осы орайда Нұр-сұлтан қаласында волотерлар штабы құрылды. Сонымен қала бойынша кез келген волонтерлықпен айналысатын топтар немесе тағы да басқа жастар болатын болса олар міндетті түрде бізге келіп, өз өтініштер алып,бізде жұмыс жасай алады.


05.02.2020

Возврат к списку