Жаңалықтар
«Дұрыс таңдау жаса» кәсіптік бағдарлау жобасы жұмыс істейді

«Дұрыс таңдау жаса» кәсіптік бағдарлау жобасы жұмыс істейді

Профориентационный проект «Сделай правильный выбор»

«Дұрыс таңдау жаса» кәсіптік бағдарлау жобасы жұмыс істейді

Кәсіптік бағдарлау – бұл жастарға болашақ мамандығын таңдауда көмек көрсетуге бағытталған шаралар кешені.

Бүгін Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының жанында мақсаты мектеп оқушыларын кәсіптік бағдарлауға арналған арнайы дайындалған тесттерді ұсынуға негізделген «Дұрыс таңдау жаса» кәсіптік бағдарлау жобасы жұмыс істейді. Бұл сабақтар оқушыларға олардың кім болғысы келетінін, ең мықты жақтарын, белгілі бір пәнге (математика, биология, әдебиет және т.б.) немесе өнер түріне деген ішкі бейімін түсінуге көмектеседі. Бұл, өз кезегінде, болашақта балалардың кәсіби қызметін дұрыс таңдауға ықпал етеді.

Дәл бүгін Қордың психологтары Түрксіб ауданындағы №195 мектепте кәсіптік бағдарлау жұмыстарымен болып қайтты. 90-нан астам оқушы тестілеуден өтіп, болашақ мамандықтарын анықтады. Оқушыларға арналған кәсіптік бағдарлау – бұл келешекте беделді және қызықты жұмысқа бағдар, сондай-ақ қазіргі оқу процесіне оң ықпал ету мүмкіндігі. Бұған өз балаларын жақын келешекте табысты, қоғамда өз орнын тапқан азамат ретінде көргісі келетін ата-аналар қызығушылық танытуда. Жұмыс беруші де бұдан қалыс қалмауда, себебі қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде білімді маманды кімде-кімнің көргісі келетіні хақ.

07.10.2019

Возврат к списку