Жаңалықтар
Еріктілер слеті

Еріктілер слеті

Еріктілер слеті

Еріктілер слеті

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы а.ж. 28-29 қыркүйегі күндері Жастар жылы аясында «Confluence of Volunteers of the Karaganda region 2019» волонтерлер слетін ұйымдастырды.

Слеттің мақсаты - Қарағанды облысының белсенді волонтерлерінің достық қарым-қатынасын нығайту, үздік волонтерлік ұйымдармен тәжірибе алмасу үшін платформа ұйымдастыру, 2020 жыл волонтерлер жылында жүзеге асатын жаңа жобаларды жоспарлау, қатысушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу, отансүйгіштік сезімдерін жоғарылату.

Аталмыш слетке Қарағанды облысының қала және аудандарының ЖОО мен колледждерінің белсенді волонтерлерінен іріктеліп алынған 50 жас қатысты.

«Confluence of Volunteers of the Karaganda region 2019 » - слет барысында жастар тарихи және табиғи ескерткіштерге саяхат жасап, туристік кластерді дамытудың қыр-сырын үйренумен қатар, Қарқаралы тарихы туралы білімдерін дамытты.

Слеттің жұмыс форматына: Білім беру, тәжірбие алмасу, көңілді-демалыс т.б іс-шаралар енді. Лагерь барысында пікір алмасу, жарыстар, жобаларының презентациялары, экскурсиялар т.б. жүргізілді.


Слеттің бірінші күні аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен қатысушыларды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Сағат 14.00-де слеттің салтанатты ашылу рәсіміне аудандық мәслихаттың депутаты Рахимбергенов Аслан Рахымұлы, облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Турлина Жанар Шаменқызы, Ұлттық волонтерлер желісі төрағасы Миранюк Татьяна, «Эко Центр Қарағанды» ҚБ директоры Меруерт Амантайқызы және облыстық волонтерлер корпусының көшбасшысы Шайхымов Сержан құттықтау сөзін сөйлеп, слет жұмыстарына сәттілік тіледі. Осы шарадан кейін слет бағдарлама бойынша өз жұмыстарын ұйымдастырды. Атап айтсақ, еріктілер арасында топтық, коммуникативтік, өмірлік және топтық жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған «Мен – еріктімін!» атты семинар-тренинг жұмыстары, «Муравейник» атты топтық ойындары өтті.

Кешкі астан кейін алау оттың басында гитарамен ән айтылып, жастар өзара әңгіме дүкен құрып, шара соңы би кешіне ұласты.

Слеттің екінші күні таңғы жаттығумен басталды. Таңғы астан кейін слет қатысушылары ішкі туризмді дамыту мақсатында 1200 метр теңіз деңгейінен биік орналасқан «Шайтанкөл» көліне саяхат жасап, тарихымен, аңыздарымен танысты. Түскі астан соң слеттің салтанатты жабылуы мен қатысушыларға серттификаттар табыстау рәсімі өткізілді. Слеттің 2 күндік жұмысын қорытындылау мақсатында қатысушылар алдағы волонтерлер жылын өткізу бойынша ой бөлісіп қорытынды отырыс өткізді.

Мұндай игілікті іс-шаралар белсенді жастардың арасында ынтымақтастық пен тығыз байланыстың қалыптасуына, еріктілердің қоғамға тигізер пайдасының зор болуына серпін берері сөзсіз.

Қарағанды ​​облысының жастарды іріктеу орталығы
07.10.2019

Возврат к списку