Жаңалықтар
Мотивациялық мастер-класс

Мотивациялық мастер-класс

Мотивационный мастер-класс

Мотивациялық мастер-класс

Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры балалар мен жастар үшін DepoEvolutionPark-те оқ ату бойынша атақты спортшы Александра Малиновскаямен кездесу ұйымдастырды. Жаттығу барысында және көптеген чемпионаттарға қатысқан жылдары Александра көп кубоктар мен медальдарды жеңіп алған. Ол – Мюнхендегі Әлем Кубогының 4-ші орын иегері, Азия Чемпионатының және студенттер арасындағы Әлем чемпионатының жүлдегері. 2013 жылғы Универсиадада біздің отандасымыз 2 награда, сондай-ақ 2014 жылғы Азия ойындарында қола медальды қанжығасына байлаған. Александра салауатты өмір салтын ұстанады, Қазақстанда спорттың дамуына көмектеседі және әйел сұлулығының нағыз эталоны. 

Қазақстанда стендтік атудың пайда болған уақыты деп Алматыда алғашқы атыс-аңшылық стендтері салынған 50-ші жылдарды санауға болады. Міне сол кезден бастап осы спорт түрі елімізде әлі күнге дейін белсенді дамып келеді. Жастарды оқпен ату сияқты спорт түрімен таныстыру мақсатында қор қызметкерлері атақты спортшы Александра Малиновскаяның өзі өткізген мастер-класс ұйымдастырды.

Мастер-класс Александраның өз жетістігінің тарихы туралы әңгімесінен басталды.  Ол үлкен спорт әлеміне кездейсоқ келген жоқ. «Оның кәсіби мергендердің отбасында дүние келуі спортшының болашағын айқындап, кім болатыны шешіліп қойған болатын», - деп спортшы күлкімен өміріндегі сәттерін еске алады. Сондай-ақ, спортшы жаттықтырушының таңдауына көп нәрсе байланысты екенін айтып, тіпті өз өмірін спортпен байланыстырғысы келетін балалар және жастармен кейбір құпиялармен бөлісті. 

Жарты сағаттық әңгімелесуден кейін біз мастер-класс қатысушылары асыға күткен негізгі бөлімге көштік. Балалардың өзін атудан сынап, дәлдігі мен мергендігін тексеретін уақыт келді. «СКАТТ» ЖШС Бас директоры И.В.Бабаков ұсынған электронды ату қондырғысында Александра дұрыс атуды көрсетті. Нұсқаулық қауіпсіздік ережелерін, қаруды ұстау ережелерін және т.б. қамтыды. Ал одан әрі, ережелермен танысқаннан кейін балалар өз бетінше атуға кірісті. Бұл сабақ көп адамдарды қызықтырып алып кетсе, ал кейбіреулері атысқа дән риза болды. Осы мастер-класстан кейін көптеген балалар оқпен ату - олардың әрі қарай айналысқысы келетін спорт түрі екенін түсінген шығар деп үміттенеміз!

Біз өз кезегінде, Александраға жылы шырайлы көңіл-күйде кездесуде ой бөлісіп, мастер-клас өткізгені үшін алғыс білдіреміз! Спорт рухы Сізге тек жаңа күш-жігер мен үлкен жеңістер алып келсін!

03.10.2019

Возврат к списку