Жаңалықтар
JasA! жобасының қатысушылары туралы

JasA! жобасының қатысушылары туралы

Участники молодежного проекта JasA! История успеха

JasA! жобасының қатысушылары туралы

Жастар жылы аясында елімізде алғашқы рет, жастардың өмір сүретін орталарында, яғни қалалары мен ауылдарында креативті және урбанистикалық бастамаларына қолдау көрсетіліп жатыр. Жоба аясында осы уақытқа дейін жастар ісі жөніндегі қызметкерлерді дайындау семинар-тренингтері мен қатысушы жастарға арналған бірінші, команда құру бойынша, екінші, өмірлік маңызды және әлеуметтік жобалау дағдыларын дамыту семинар-тренингтері өткізілді. Осылайша, еліміз бойынша «JasA!» жобасына қатысатын жастар, жергілікті қауымдастықтарының қажеттіліктерін анықтап, өз жобаларын ұсынды. Жобаға қатысушы жастар өз идеяларын дамытып, оларды іске асыру үшін шағын гранттар бөлінеді.

Жобаны жүзеге асыру туралы жастар ісі жөніндегі қызметкер мен қатысушы жастардан сұхбат алып көрдік.

«JasA!» жобасының жастар ісі жөніндегі қызметкері Сисен Темірлан, Ақтөбе облысы, Алға қаласы:

- Темірлан, Сіздің ойыңызша «JasA!» жоба қалай жүзеге асып жатыр, қысқаша сипаттап берсеңіз?

- Жалпы «JasA!» жобасы туралы әріптестерден естідім. Жастар ісі жөніндегі маман ретінде өтініш беріп, іріктеуден өттім. Нұрсұлтан қаласында оқыту тренинг-семинарларда «JasA!» жобасы туралы толықтай ақпарат алып, өңір жастарына жобамен таныстыру жұмыстарын жүргіздім. Нәтежисінде алғашқы іріктеу кезеңінен біздің өңірден 14 жас адам өтті. Оларға екі күндік оқыту жүргізіп, бастамашыл топтар құрылды. Келесі бастамашыл топтарға алты күндік оқыту курсын ұйымдастырдым, оқытудың нәтижесі ретінде жастардан құрылған бастамашыл топтар өз жобаларын әзірлеп ұсынды.

- «JasA!» жобасы жастар бастамаларына қалай ықпал етеді деп ойлайсыз?

- «JasA!» жобасына барлығы ерікті түрде қатысады. Әлдебір табыс көзін ойламайды. «JasA!» жобасы жастардың бойында туған жерге деген махаббат пен патриотизмді өсіреді. Жастар өз жеріне қызмет көрсету арқылы, қоғамның жағымды-оң пікірі мен мемлекеттің қолдауын қол жеткізе алады. Яғни жастар өз болашағының кірпіштерін дұрыс қалап жатыр деген сөз...

- «JasA!» жобасы туралы қандай ерекшеліктерді атап көрсете аласыз?

- Ең біріншіден бұл жобаның ерекшелігін айта кеткен дұрыс деп ойламын. Жобаның негізгі ерекшілігі бұл жобаның басты бағыты – урбанистика. Яғни, өзіміз тұрып жатырған ортаны жақсартуға, дамытуға бағытталған жоба. Екіншіден, жобада жастар өз бойындағы материалдық құндылықтарды емес, шынайы рухани, азаматтық құндылықтарды арттырады.

- Өз өңіріңізде жастармен жұмыс жасау барысы қалай өтті?

- Жобаға аудан жастарын тарту жұмыстары қиынға соққан жоқ деуге болады. Себебі олар бұрын соңды әлеуметтік жобаларда бақтарын сынап көрген жастар. Қазір Алға мен Мұғалжар аудан жастары алты күндік оқытудан өтіп, бастамашыл топтар өз жобаларын әзірлеп ұсынды. Келесі кезеңде қатысушылармен кездесу өткізіп, алдағы уақытта өтетін шараларды талқылайтын боламыз.


«JasA!» жобасының қатысушысы Оразымбет Дүйсенәлі, Түркістан қаласы:

- Сіздің «JasA!» жобасына қатысудағы негізгі мақсатыңыз қаңдай болды?

- «JasA!» жобасына қатысудағы негізгі мақсатым - қазіргі таңдағы ауыл жастарының спортқа деген қабілетін арттыру мақсатында және ауыл тұрғындарының уақыттарын тиімді пайдалану мен салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жалпы өзімнің негізгі мақсатым - ауылдық жерлерде спорттық алаңшаларды көбейтіп, ауыл жасөспірімдерге спортпен шұғылдануға мүмкіндіктерін арттыру.

- Сіздің тобыңыз ұсынған жоба туралы қысқаша айтып берсеңіз? Өзіңіз тұратын қауымдастығыңыз үшін пайдасы қандай? Не себепті нақты сол жобаны жүзеге асырып жатырсыздар?

- Еліміздің барлық жастарына үлгі болу үшін "Street Workout" жасау керек деп ойлаймын. "Street Workout" жобасы бұл салауатты өмір салтын сақтауға бағытталатын тренажерлық спорт құралдары. Бұл жалпы қоғамға өз пайдамызды тигізудің бір жолы.

- «JasA!» жобасынан жалпы не күтесіз?

- «JasA!» жобасынан күтеріміз көп. Еліміз бойынша көптеген жастардың идеялары мен бастамалары жүзеге асырылатыны анық. Біз бұл жобалардың тек бір жылдық қана емес, болашақта да әрбір ауыл мен қала тұрғындары жастар өз қолдарымен жасаған заттарды, мысалы, балалар алаңдарын, аллеяларды, спорт алаңдары сияқты қолданғанын қалаймыз.

Автор: Әбидин Ә.
02.10.2019

Возврат к списку