Жаңалықтар
«Үздік Шебер – 2019»

«Үздік Шебер – 2019»

«Үздік Шебер – 2019»

«Үздік Шебер – 2019»

«Үздік Шебер – 2019» кәсіби шебер қалалық байқауы Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Петропавл қаласының әкімі Б.С.Жұмабековтық бастамасымен Қазақстандағы Еңбек күнін мерекелеуге орай «Үздік Шебер – 2019» кәсіби шебер қалалық байқауы болып өтті.

Ұйымдастырушылар: Петропавл қаласының әкімдігі «Jas Otan» ЖҚ бірлесе. Конкур Жастар жылына арналған және кәсіби білімнің сапасын көтеруге, жұмысшы кәсіптерін насихаттауға бағытталған. Іс-шара қалалық мәдениет үйінің аумағында өтті.

Біздің қаламыздың мамандары келесі мамандықтар бойынша сайысқа түсті: кірпіш қалаушы, шаштаразшы, флорист, сылақшы, шиномонтажшылар.


Байқауға «Зерттеу-СК» ЖШС, «Лира» ЖШС, «Стройкомпания» ЖШС, «Основание» ЖШС, «Құрылыс-Сервис-СК» ЖШС, «Қызылжар су» ЖШС, РемЗона, FE SPEC дөңгелектерін жөндеу қызметі,«СК-ТОРА» ЖШС, «Kiss» сұлулық студиясы,«Queen by Leila Amanova» бейнелеу студиясы, «Цветландия» гүл дүкені және Өнер колледжінің ШОД студенттері, қызмет көрсету колледжі, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің жас қызметкерлері қатысты. Әр бағыт бойынша ең көп ұпай жинаған үш қатысушы жеңімпаз атанды.

Қатысушылар мен жеңімпаздарға дипломдар, кубоктар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Кәсіби білімнің сапасын арттыру мақсатында конкурс жыл сайын өткізілмек.
30.09.2019

Возврат к списку