Жаңалықтар
№41 мектептегі кәсіптік бағдарлау

№41 мектептегі кәсіптік бағдарлау

Профориентация в школе №41

№41 мектептегі кәсіптік бағдарлау

XXI ғасырда мамандығы жоқ адамдарға жұмысқа орналасу мүмкіндігі қиындай түсуде. Кәсіби мамандардың көмегімен қызығушылық, қажеттілік, ақыл мен физикалық ерекшеліктерді ескере отырып, болашақ жұмыс, еңбек және кәсіпті саналы түрде таңдау мәселесінің белгілі бір индивид үшін ғана емес, жалпы елдің дамуы үшін да маңызы бар. Қазіргі заманның құндылығы адамның өзімен және адам ресурстарымен айқындалады. Ол кәсіпті дұрыс таңдау, өз кәсібінің қожасы және кәсіби маманы болу, ықпалдасу қасиеттерін иелену секілді ұғымдарды қамтиды. Әлемдегі дамыған елдердің жалпы білім беретін мектерінің жұмыс тәжірибесі осы жұмысты мектеп жасында-ақ жүзеге асыру қажеттігін көрсетеді. Қысқасы, кәсіптік бағдарлау жұмысын балалар мен жастарды кәсіби әлеммен таныстыруға және оларға дұрыс мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталған әдістер мен қызмет жүйесі ретінде түсінуге болады. 

Бүгінгі күні кәсіптік бағдарлау жұмыстары Қазақстанның барлық өңірінде белсенді жүріп жатыр. Алматы қаласы Мемлекеттік жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының жанындағы Жастар ресурстық орталығы тұрақты негізде қаланың мектеп оқушылары үшін сыныптан тыс көшпелі кәсіптік бағдарлау сағаттарын өткізеді, сондай-ақ кеңсеге көмек сұрап келген жастарды қабылдайды.

Қазір ЖСДМҚ мамандары Алатау, Жетісу және Түрксіб аудандарының мектептері үшін кәсіптік тестілеу кешенін жүргізуде. Бүгін Алатау ауданының №41 мектебінің оқушылары үшін консультация мен тестілеу өткізілді. Тесттердің қорытындысы бойынша психологтар әр оқушыға сай келетін мамандықты анықтап, олармен түсіндіру жұмысын жүргізіп, әңгімелесу, сондай-ақ кәсіптік білім, оқу түрлері бойынша консультация өткізді.





26.09.2019

Возврат к списку