Жаңалықтар
Қазақстанда 222 волонтерлік ұйым жұмыс істеуде

Қазақстанда 222 волонтерлік ұйым жұмыс істеуде

Қазақстанда 222 волонтерлік ұйым жұмыс істеуде

Қазақстанда 222 волонтерлік ұйым жұмыс істеуде

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Бүгінде ел көлемінде 222 волентерлік ұйым белсенді жұмыс жасауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл көрсеткіш «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің еліміздегі еріктілер белсенділігін анықтау бойынша жүргізілген сауалнамасы нәтижесінде анықталған.

Аталмыш сауалнама ҚР Ақпарат және коғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Ақпараттандырудың инновациялық әдістері халықпен жұмыс технологиясы» мемлекеттік гранты аясында ұйымдастырылған. Сауал қорытындысы қазіргі таңда ел көлемінде 222 волонтерлік ұйым белсенді жұмыс істеп отырғанын көрсеткен.

Ал, жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес, волонтерлік қызметке елімізде 50 мыңнан аса адам тартылған.

Аймақтардағы еріктілер қызметі негізгінен білім беру, мәдениет, қоршаған ортаны қорғау, қиын өмірлік жағдайға тап болған мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге қатысу, спорттық іс-шараларда волонтерлік қызмет ету, халықтың әлеуметтік осал топтарына және паллиативтік көмек көрсету және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге қатысу бағыттарында ұйымдастырылады екен.

Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен бірлесіп еріктілер қызметін дамыту бойынша функционалдық онлайн-платформасын әзірледі. Әзірленген «Qazvolunteer.kz» онлайн-платформасы еріктілердің өзара іс-қимыл арналарын жақсарту, еріктілер мен еріктілер ұйымдарының қызметін үйлестіру, жобаларды, бағдарламалар мен акцияларды және тағы басқа ақпараттық қолдауды жүзеге асыру мақсатында құрылған.
24.09.2019

Возврат к списку