Жаңалықтар
Кәсіптік бағдарлау жұмыстары

Кәсіптік бағдарлау жұмыстары

Государственный фонд проводит профориентационные работы среди школ города

Кәсіптік бағдарлау жұмыстары

Жаңа оқу жылы басталысымен Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры қала мектептері арасында кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізіп келеді. Бүгін Жетісу ауданындағы №102 және Түрксіб ауданындағы №74 мектептерге Жастар Ресурстық орталығының психологтары келді. «Вортек» компьютерлік тестілеу жүйесінің, танымдық және көп сағаттық әңгімелесудің арқасында психологтарымыз 200-ден астам оқушыға болашақ кәсібін таңдауда көмек көрсетті. Кәсіптік бағдарлау – бұл жастарға кәсібін таңдауда қабілеттері мен бейімдерін, кәсіби және танымдық қызығушылықтарын анықтау және оларды дамытуда тұлғаға бағдарланған көмек көрсету бойынша әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық және өндірістік шара екенін атап өткен жөн. Біздің басты мақсатымыз – оқушыларға болашақ кәсіби мамандығын таңдау процесінде кәсіптік бағдарлау көмегін көрсету. Сондай-ақ, мектеп оқушыларының саналы түрде еңбекке деген оң қарым-қатынасын қалыптастыру, өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне қарай заман талабына сай болашақ кәсібін еркін таңдауға мүмкіндік жасау.
Осындай үлгідегі кәсіптік бағдарлау кездесулері Алматы қаласының мектептерінде әр апта сайын өтетін болады. Сондай-ақ, Сізді Байтұрсынов көшесі, 22/к1 мекенжайы бойынша DepoEvolutionPark-те өз қабілеттеріңізді анықтау үшін компьютерлік тестілеуде күтеміз. Қабылдау күні мен уақытын алдын ала 8 (727) 279 13 40 телефоны арқылы жазылып нақтылауға болады.
#Дұрыстаңдаужаса
#Сенің болашақ кәсібің
#Кәсіптікбағдарлаужұмыстары

23.09.2019

Возврат к списку