Жаңалықтар
Келіндер бәйгесі - 2019

Келіндер бәйгесі - 2019

Келіндер бәйгесі - 2019

Келіндер бәйгесі - 2019

Келін – туыстық атау. Некедегі әйел өз күйеуінің жасы үлкен туыстарына, немере ағайын, аталастарына келін болып келеді. Ол қонақ күту, дәстүрлі жоралғыларды атқару, шаруа жасау, бала тәрбиесіндегі ептілігі, жөн білгіштігі, көрегенділігі мен икемділігі арқасында ауылдастар мен күйеуінің туыстарынан лайықты бағасын алады. Жаңа отбасын құрған жас келін, ең алдымен салт-дәстүрімізді, әдеп-ғұрпымызды біліп жүргені абзал. Себебі қазақ халқы әрқашанда тәрбиелік мәні дәстүрлермен ғұрыптарды ұстанып жүрген.

Осыған орай, рухани-адамгершілік отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, қазіргі отбасының жағымды бейнесін құру, жастар арасында отбасылық құндылықтарын насихаттау, жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту мақсатында, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы облыстық «Келіндер бәйгесі» атты сайыс өткізді. Аталған шара, жастар жылы аясында өткізіліп, өңірімздің аудандары мен қалаларынан жиналған бір топ жас келіндері екі кезеңнен сүрінбей өтіп, екінші кезеңде, яғни, ақтық кезеңде жеңіске жетуге аянбай еңбектенген болатын. Алғашқы бөлімде әрбір келін, облыстық жастар-ресурстық орталығының инстаграм парақшасында фото-сайысқа қатысып, ең көп лайк жинаған 10 үміткер финалға өтті.


Шешуші кезең 3 турға бөлініп, әрбір турда қатысушылар өз өнерлерімен бөлісті. Аталған шараға, Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының жоғарғы санаттағы драма әртісі – Бағысова Жібек Есекеқызы, Көкшетау қаласындағы неке сарайының басшысы – Ибраева Әсем Советқызы, «Шаңырақ» қоғамдық қорының директоры – Закиров Мейрамбек Серікұлы, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жастар мәселесі бөлімінің басшысы – Нукенов Алмат Төлегенұлы және облыстық жастар-ресурстық орталығының басшысы – Белгібаева Анаргүл Мұхамедғалымқызы сияқты арнайы шақыртылған қазылар алқасы төрешілік етті. Бірінші тур өзін және жанұясын таныстырумен өтсе, екінші турда әр қатысушы өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсете білді. Соңғы турда жас келіндер ұлттық киімдер киіп, төрешілер әділ бағасын беріп бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша, үшінші орынды – Бурабай ауданынан келген Сұрағанова Әсел иеленсе, екінші орынды – Көкшетау қаласы атынан шыққан Қасымова Айнагүлге бұйырды. Бірінші орынды – Жақсы ауданынан келген Мырзабаева Фариза қанжығасына байлады. Ал, ең басты гран-при иегері атанған, жеңіске жеткен – Шортанды ауданының үміткері Жадыра Озатқызы. Барлық үміткерлер мен жеңімпаздарға дипломдармен бағалы сыйлықтар табысталды.

Ізгі құрметпен, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі (Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-79)
23.09.2019

Возврат к списку