Жаңалықтар
«Роботех» демалыс орталығы конструкторларының көрмесін өтті

«Роботех» демалыс орталығы конструкторларының көрмесін өтті

Выставка конструкторов Досугового центра «Роботех»

«Роботех» демалыс орталығы конструкторларының көрмесін өтті

Құрастыру – балалар мен жасөспірімдердің сүйікті істерінің бірі. Ол балаларға оқуға, жаңа құрылымдар жасауға, шығармашылық ойлауға, сондай-ақ дене, эстетикалық және әлеуметтік даму үшін үлкен мүмкіндіктер береді.
Бүгін Mega Center-де Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры «Роботех» демалыс орталығы конструкторларының көрмесін өткізді. Көрме ашық түрде өтті, сондықтан оған қаланың барлық қызығушылық танытқан тұрғындары, әсіресе пайдалы демалыс түрлерімен шұғылданатын балалар шақырылды.

Құрастыру балаға өз тәжірибесінде үйренуге тамаша мүмкіндік береді. Мұндай білім балаларда жаңалықтар ашу және зерттеу жолымен алға өрлеу ниетін қалыптастырады, ал қолдау тауып, өз бағасын алған кез келген жетістік өзіне деген сенімділікті күшейте түседі. Бұл ретте бала жинақтаған тәжірибесін өзі пайдаланады, ал педагог оған белгілі бір ұсыныстар береді.

Көрмеде педагогтар оқушылармен жаңа технологиялар бойынша жасалған ең үздік жұмыстарын таныстырды. Сондай-ақ, осы салада айналысқысы келетін балалар үшін демалыс орталығы мастер-класс өткізіп, клуб жетекшісі Жұмажанов Айбар әр түрлі фирмалардың конструкторларымен жұмыс тәжірибесімен бөлісті, конструкторларды дұрыс қолдану құпияларын ашты. «Роботех» демалыс орталығының балалары мастер-класта өте қызықты және креативті заттардың үлгілерін дайындады, содан кейін оларды айналасындарға қуана таныстырды. Мастер-кластың осы кезеңінде әрбір бала конструкторлардан белгілі бір модель құрастырып, тіпті онымен тәжірибе жасады.

Құрастыру – бұл ғылым, технология және робототехника әлеміндегі нағыз ғажайып дүние! Бұл жай ғана зеріктіретін сабақтар емес, қазіргі заманғы конструкторлардың көмегімен балаларға ұсынылған нағыз қызықты ғылыми тәжірибелер. Болашақ робототехниканың иелігінде!

Егер сізге жәрмеңке қызықты, мастер-класс пайдалы болса және сіздің балаңыз конструкцияларды жобалауға қызығушылық танытса, онда біз сізді Луганский, 95 мекенжайы бойынша «Роботех» демалыс орталығында робототехника бойынша өтетін сабақтарда көруге қуаныштымыз.






21.09.2019

Возврат к списку