Жаңалықтар
Мамандық таңдау оңай емес

Мамандық таңдау оңай емес

Профориентация в школе №57

Мамандық таңдау оңай емес

Балалар ерте жастан-ақ ата-аналарының шеберлігін бойына сіңіріп алады, сондықтан оларға солардың салған жолымен жүрген оңайырақ. Дегенмен, қазіргі заман бізге бұрынғыдан әлдеқайда көп таңдау ұсынады. Білім беру жүйесі әр түрлі бағыттарда өз күштерін сынауға мүмкіндік береді. Еңбек нарығы қарқынды өзгеруде, сондықтан ата-аналардың тәжірибесі өскелең ұрпаққа пайда әкеле бермейді.

Осыған байланысты жастар мен оқушылар арасында мақсатты бағытталған кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге үлкен көңіл бөлу қажет, ол тұлғаның кәсіби ниетін қалыптастыруды және оны жүзеге асыру жолдарын айқындайтын негізгі факторлардың барлық жүйесін терең білуіне сүйенуі тиіс.

Бүгін, кәсіптік кеңес беру мақсатында Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының психологтары Алматы қаласы Жетісу ауданындағы №57 жалпы білім беретін мектепке келді. Бұл жолы мамандар оқушылармен «Вортек» тесті бойынша жұмыс істеді, оның барысында тестіленуші адамның білігі мен кәсіби қабілеті анықталады. Психологтар барлығы 100-ге жуық оқушыға тестілеу жүргізді, іс жүзінде барлық талапкерлерге кәсіптік тестілеу нәтижесінде оларға жақын келетін қолайлы мамандық таңдауға көмектесті.






 
20.09.2019

Возврат к списку