Жаңалықтар
Кәсіптік бағдарлау

Кәсіптік бағдарлау

Профориентация

Кәсіптік бағдарлау

Бүгін Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының психологтары Түрксіб ауданындағы №71 мектептің оқушыларымен кәсіптік бағдарлау кездесуін өткізді.
Жаңа оқу жылының басында сыныптан тыс кәсіптік бағдарлау сағаттарын өткізу талапкерлер үшін өте маңызды, себебі қазір болашақ мамандықты анықтаудың нағыз сәті туып отыр, әрі қарай Бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындалу және оны тапсыру үшін бейінді пәнді таңдау қажет. Іс жүзінде әлдеқайда қиын, өйткені көп оқушыларға қазіргі нарықтағы сан түрлі мамандықтардың көп болуына байланысты мамандық таңдау қиындық туғызады.
Кәсіптік бағдарлау жұмыстары балаларды бір бағытқа бағдарлауға көмектесіп, баланың бойындағы бірқатар қабілеттер мен таланттарды анықтауға мүмкіндік береді. Тестілеу мен кәсіптік бағдар беруші психолог мамандармен еркін әңгімелесудің арқасында оқушы өзінің қалай салада дамып, жетілетінін және өзін қандай маман ретінде сезінетінін нақты түсінеді.
Бүгінгі кәсіптік бағдарлау кездесуінде психологтар жоғары сыныптың 100-ден астам оқушысына консультация беріп, болашақ кәсібін дұрыс таңдауға көмектесті.





19.09.2019

Возврат к списку