Жаңалықтар
Мектеп оқушыларымен өткен кәсіптік бағдарлау кездесуі!

Мектеп оқушыларымен өткен кәсіптік бағдарлау кездесуі!

Профориентационная встреча со школьниками!

Мектеп оқушыларымен өткен кәсіптік бағдарлау кездесуі!

Жаңа оқу жылы басталысымен жоғары сыныптың оқушылары үшін кәсіптік бағдарлау жұмыстары жаңартылды. Мемлекеттік қордың психологтары ұйымдастырған бүгінгі кәсіптік бағдарлау кездесуі Алатау ауданындағы №156 жалпы білім беретін мектепте өтті.
Балалардың болашақ қызметі үшін қабілеті мен дағдыларын анықтау мақсатында 100 оқушыға кәсіптік тестілеу өткізілді. Кәсіптік бағдар беруші мамандардың жұмысы оқудан тыс уақытта оқушыларды оқыту-тәрбиелеу процесі арқылы іске асырылады. Біздің басты мақсатымыз оқушыларға оқу бейінін және болашақ мамандығын таңдау процесінде кәсіптік бағдар беруде қолдау көрсету. Сондай-ақ, оқушылардың саналы түрде еңбекке деген оң қарым-қатынасын қалыптастыру, өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне қарай заман талабына сай болашақ кәсібін еркін таңдауға мүмкіндік жасау.
Компьютерлік және жазбаша тестілеудің арқасында психологтарымыз 100-ден астам оқушыға болашақ мамандығын таңдауға көмектесті. Осындай сипаттағы кәсіптік бағдарлау кездесулері Алматы қаласының барлық мектептерінде өтетінін естеріңізге саламыз. Егер қандай да бір себеппен кездесуге қатыса алмасаңыз, Сізді Байтұрсынов көшесі, 22/к1 мекенжайындағы DepoEvolutionPark-те өз қабілетіңізді анықтау үшін компьютерлік тестілеуде күтеміз. Қабылдау күні мен уақытын алдын ала
8 (727) 279 13 40 телефоны арқылы жазылып нақтылауға болады.
#Дұрыстаңдаужаса
#Сеніңболашақкәсібің
#Кәсіптікбағдарлаужұмыстары



 



 

18.09.2019

Возврат к списку