Жаңалықтар

ENACTUS WORLD CUP 2019

ENACTUS WORLD CUP 2019

ENACTUS WORLD CUP 2019

ENACTUS WORLD CUP 2019 СТУДЕНТТІК КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ БИЗНЕС-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ 16 қыркүйекте Калифорния штаты, Сан-Хосе қаласы, Силикон алқабының астанасында басталады.

Қазақстандағы Enactus ұлттық кеңсесі (бұрынғы SIFE) 16-18 қыркүйекте АҚШ-та (Сан-Хосе, Калифорния) өтетін жыл сайынғы Enactus Әлем Чемпионатының басталғаны туралы хабарлайды.

Enactus Әлем кубогы - бұл әлемнің түкпір-түкпірінен келген 72000 студент үшін жылдың ең маңызды оқиғасы. Бұл жарқын оқиғаға Силикон алқабының астанасындағы 6000-нан астам қатысушылар мен 100000 онлайн бақылаушылар, 37 елдің қазіргі және болашақ бизнес көшбасшылары, стартаптары мен кәсіпкерлері жиналады.

Enactus - бұл жоғары білім мен бизнесті біріктіретін, университет студенттеріне инновациялар мен кәсіпкерлік арқылы қоғамға үлес қосуға мүмкіндік беретін халықаралық ұйым. Әлем чемпионатына танымал беделді халықаралық компаниялардың алғашқы рет лидерлері жиналады: KPMG, Google, Microsoft, Henkel, Procter & Gamble, Unilever, Ford Motor Company, Facebook, Danone, BIC, PepsiCo, The Coca-Cola Company. Әлем чемпионаты әр уақытта Лондон, Барселона, Торонто, Париж, Нью-Йорк, Сингапур, Берлин, Куала-Лумпур, Лос-Анджелес, Вашингтон, Канкун, Пекин, Йоханнесбургте елдерде өтті. 550-ден астам халықаралық корпорациялар Enactus серіктестері болып табылады, осы бағдарламаны дамытуға демеушілік көмек көрсетеді.

Өткен оқу жылының қорытындылары бойынша Қазақстанның 50 жоғары оқу орындарының студенттері 111 жобаны жүзеге асырды, 1000-нан астам адам жұмыс жасады. Жобалық іс-шаралар аясында студенттер шағын кәсіпкерліктің дамуына көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар өздерінің жеке кәсіптерін ашады.

Ел намысын Әлем чемпионатында ENACTUS 2019 ұлттық чемпионы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің командасы қорғайды.

Қазақстан делегациясы – 40 адам студенттер, бизнес серіктестер және ұйымдастырушылардан құралған.

ENACTUS Қазақстан президенті Альбина Ержанова жыл сайынғы әлем чемпионаты бизнес пен инновация саласындағы өте маңызды бәсекелестік екенін, біздің жастарымызды АҚШ, Канада, Қытай, Германия және т.б. елдермен тең дәрежеде белсенді дамуға және бәсекелесуге итермелейтінін атап өтті.

Raimbek Холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы-Райымбек Баталов: «Enactus Kazakhstan-Бұл бизнес, оқытушылар мен студенттер кездесетін орын. Синергия және жүйелік жұмыс жасау үшін тамаша опция.»

Қазақстандағы ENACTUS бағдарламасы демеуші компаниялардың қолдауымен жүзеге асады. Олар: Raimbek, Water TURAN, Mall Aport, Beeline Қазақстан, KMF-Demeu, Аграрлық несие корпорациясы, Тәртiп,TSSP, Pay Point, KT Cloud Lab.

Ресми серіктестер: Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, AIFC, Алматы облысының әкімдігі.

Барлық сұрақтар бойынша ұлттық кеңсеге хабарласыңыз:

enactuskaz@gmail.com

тел.: +7(747)775-29-76

+7 (701) 014-08-60
17.09.2019

Возврат к списку