Жаңалықтар
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 мектебінде кәсіптік бағдарлау жұмыстар өтті

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 мектебінде кәсіптік бағдарлау жұмыстар өтті

Профориентационные работы в школе №2 Жетысуского района города Алматы

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 мектебінде кәсіптік бағдарлау жұмыстар өтті

Бүгін Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының психологтары Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 мектебінде кәсіптік бағдарлау жұмысын өткізді.
Кәсіптік бағдарлау жұмыстарының мақсаты қазіргі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, оқушыларда кәсіби қызметте өз бетімен жетілудің тұрақты мотивтерін қалыптастыру болып табылады. Қазіргі уақытта жаңа кәсіптердің көп болуына байланысты талапкерлерге қызмет түрін таңдау оңайға соқпайды. Осындай балаларға кәсіптік бағдар беруші мамандар көмекке келеді, олар компьютерлік диагностика және түрлі сипаттағы тестілеу құралдары арқылы оқушының қабілеті мен таланттарын анықтап, оларға ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсіндіріп, дұрыс бағыт-бағдар береді.
Балалардың қабілетін анықтау үшін кәсіби бағдар берушілер жазбаша тестілеу жүргізіп, оқушылардың күшті жақтарын анықтап, оларға болашақ мамандығын таңдауға көмектесті. Кәсіптік бағдарлау кездесуіне 98 адам қатысты, олар 9, 10 және 11-сыныптардың оқушылары болды.
Осындай үлгідегі кәсіптік бағдарлау кездесулері Алматы қаласының мектептерінде әр апта сайын өтетін болады. Егер қандай да бір себеппен Сіз кездесуге қатыса алмасаңыз, онда Сізді Байтұрсынов көшесі, 22/к1 мекенжайы бойынша DepoEvolutionPark-те өз қабілеттеріңізді анықтау үшін компьютерлік тестілеуде күтеміз. Қабылдау күні мен уақытын алдын ала 
8 (727) 279 13 40 телефоны арқылы жазылып нақтылауға болады.
#Дұрыстаңдаужаса
#Сенің болашақ кәсібің
#Кәсіптікбағдарлаужұмыстары



  

 

 

 



16.09.2019

Возврат к списку