Жаңалықтар
Әуезов және Бостандық аудандарының Демалыс орталықтары бас қосқан «Family Park» отбасылық демалыс саябағында өтті

Әуезов және Бостандық аудандарының Демалыс орталықтары бас қосқан «Family Park» отбасылық демалыс саябағында өтті

Досуговые центры Ауэзовского и Бостандыкского района провели мероприятие в Семейном парке отдыха «Family Park»

Әуезов және Бостандық аудандарының Демалыс орталықтары бас қосқан «Family Park» отбасылық демалыс саябағында өтті

Бүгін қала күніне арналған іс-шара Әуезов және Бостандық аудандарының Демалыс орталықтары бас қосқан «Family Park» отбасылық демалыс саябағында өтті. Екі ауданның «Достык», «Далель», «Жас Арт», «Жас Орен», «Шугыла», «Армбар», «Белая Ладья», «Жасулан», «Сталкер» демалыс орталықтарының күшімен концерттен, спорттық эстафетадан, мастер-кластар мен байқаулардан құралған мерекелік іс-шара ұйымдастырылған болатын. Ән сүйер және той-думаншыл қауым концертті ерекше әсермен тамашалады. Демалыс орталықтарының шығармашылық секцияларындағы талантты да дарынды балалар өздерінің үздік өнерлерін ортаға салды. Спорт жанкүйерлері жекпе-жек бойынша спорттық жарыстарға белсенді қатысып, «тоғызқұмалақ» ойнап, «көңілді старттарға» қатысты. Тәжірибелі педагогтар пластилиннен бұйым жасау бойынша мастер-класс өткізіп, қаншама балалар мен ата-аналарды қызықтырып, өз қатарына қосты, осылайша олар түрлі заттар толтырылған күзгі себеттерді жасап үйренді. Алматы тұралы авторлық кітаптар, қаланың символына айналған «алма», сонымен қатар қолтанбалы өнер мен сүреттер көрмесі өтті. «Менің сүйікті қалам» тақырыбында өткен плакаттар байқауында Демалыс орталықтарының балалары көп әдемі тақырыптық суреттер салды. Іс-шара соңында байқаулар мен спорттық жарыстардың қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар естелік сыйлықтар және грамоталармен марапатталды.


 

 

 

 

12.09.2019

Возврат к списку