Жаңалықтар
28 Панфиловшылар атындағы саябақта «Қала күніне арналған Аула күні» фестивалі өтті

28 Панфиловшылар атындағы саябақта «Қала күніне арналған Аула күні» фестивалі өтті

В парке имени 28 Панфиловцев прошел фестиваль «День двора на День города»

28 Панфиловшылар атындағы саябақта «Қала күніне арналған Аула күні» фестивалі өтті

Медеу ауданында қаланың тарихына айналған 28 Панфиловшылар атындағы саябақта «Қала күніне арналған Аула күні» фестивалі өтті, оған «Веселые нотки», «Қайсар», «Жас Бауыржаншылар», «Арлан», «Киров», «Бес қару», «Семиречье» және «Жігер» демалыс орталықтары қатысты.
Фестивальға соғыс ардагерлері мен зейнеткерлер шақырылып, кештің арнайы қадірлі қонақтарына айналды. Бұл адамдар кезінде біздің туған қаламыздың қалыптасуының бастауында болып, оның дамуына ықпал етіп, өздерінің үлкен үлесін қосқан.
Сахнада Алматы туралы әндер шырқалып, әсем би орындалды, жас спортшылар  каратэ және таэквондодан қойылымдар көрсетті. Арнайы бөлінген спорт алаңында концертпен бірге «Көңілді старттар» бойынша жарыстар өтті. Саябаққа келіп демалушылар үшін садақтан жебе ату мастер-класы үшін арнайы алаң ұйымдастырылып, ниет білдірушілер өз мүмкіндіктерін сынап көруге мүмкіндік алды, ал шеберлер өздерінің шыңдалған өнерлерін ортаға салды. Қолданбалы өнер көрмесінде Аула клубтарының шығармашылық секцияларындағы балалар іс-шара қатысушыларына өздерінің еңбектері мен көркем туындыларын көрсетті.  
      Бүгін саябақта керемет мерекелік атмосфера орнап, жақсы достастық қарым-қатынасты дамытуға өз септігін тигізді, балалардың жүздеріне күлкі мен шаттық сыйлады. Бірге жиналып бас қосу адамдарды достық қарым-қатынасты қолдауға, өз аулаларында және қаласында тәртіп пен тазалықты сақтауға ынталандыра отырып, жас ұрпақты осыған тәрбиелейді.



 

 

 

 

12.09.2019

Возврат к списку