Жаңалықтар
Қазақ ұлттық ойындары

Қазақ ұлттық ойындары

Қазақ ұлттық ойындары

Қазақ ұлттық ойындары

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі заман міндеттерінің бірі десек қателеспеген болармыз. Себебі, жастарды жалпы адамзаттық құндылықтары және адамның айналасындағы дүниесімен жеке тұлғалық қатынасын тәрбиелеу мақсатында, халқымыздың мәдени-рухани мұрасымен салт-дәстүрінің озық үлгілерін, оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетін, асыл мұраларын ұлттық ойындар арқылы танып келеді. Өйткені, халық ұлттық ойындарды тәрбие құралы деп таныған.

Қазақ даласында осы күнге дейін сақталып келген «асық ату», «аламан бәйге», «көкпар», «алтыбақан», «тоғызқұмалақ», «қазақ күресі», «аударыспақ» және тағы басқа көптеген ойын түрлерін ерекше атап өтуге болады.

Осыған орай, жастар жылы аясында Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы, Қорғалжын ауданы жастар ресурстық орталығымен бірлесе «Қазақ ұлттық ойындары» атты ұлттық ойындар бәйгесін өткізді. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және ұмытылған асыл дәстүрлерді жаңғырту мақсатында өткізілген шара, Қорғалжын ауданындағы К. Күмісбеков атындағы мәдениет үйінде салтанатты түрде ашық етіп жарияланды. Іс-шараға өңіріміздің аудандары және ауылдық округтерінің спортшылары қатысып, әр қатысушы өз өлкесінің атынан белсенділік танытып атсалысты. Ұлттық ойындардың ішінен асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тартыс және қазақ күресі бойынша өткізілген жарыс өте әсерлі әрі қызықты өтті.


Арқан тартыс сайысында жалпы командалық ІІІ-орынды – Шортанды ауданы, ІІ-орынды – Қорғалжын мектеп гимназиясы, І-орын Ақтан Төлеубаев атындағы орта мектебі иеленді. Асық ату ойыны бойынша жалпы командалық ІІІ-орынды – Жантеке ауылдық округі, ІІ-орынды – Арықты ауылдық округі, ал І- орынды - Шортанды ауданы иеленді. Тоғызқұмалақ сайысынан – ІІІ-орынды Қорғалжын ауданы, ІІ-орынды – Шортанды ауданы, І-орынды – Целиноград ауданы иеленді. Қазақ күресінен 25 кг, 29 кг, 32 кг, 35 кг, 42 кг, 46 кг, 60 кг, 66 кг және 75 кг дәрежелі салмақта палуандар бақтарын сынға тартты. Олардың ішінен Рамазан Ерасыл, Асилов Шыңғыс, Рамазан Ислам, Төлеубай Арнұр, Жақып Дамир, Назымбеков Мейрамбек, Орал Шалқар, Төлеген Айбын және Оралбеков Әділбек тәрізді жеңімпаздарды ерекше атап өтпесе болмайды.

Ойын соңында әр қатысушыға дипломдар, жеңімпаздарға арнайы бағалы сыйлықтар табысталды.

Ізгі құрметпен, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі (Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-79)
10.09.2019

Возврат к списку