Жаңалықтар
Серхио Рамос пен Лука Модричке қонаққа: Қазақстанның балалар үйінің тәрбиеленушілері “Реал Мадрид” клубына саяхаттап бару үшін футболда күш сынасады

Серхио Рамос пен Лука Модричке қонаққа: Қазақстанның балалар үйінің тәрбиеленушілері “Реал Мадрид” клубына саяхаттап бару үшін футболда күш сынасады

В гости к Серхио Рамосу и Лука Модрич: Воспитанники детских домов Казахстана сыграют в футбол за поездку в клуб «Реал Мадрид»

Серхио Рамос пен Лука Модричке қонаққа: Қазақстанның балалар үйінің тәрбиеленушілері “Реал Мадрид” клубына саяхаттап бару үшін футболда күш сынасады

Өтетін уақыты: 10 қыркүйек, 2019 ж., сағат 10:00-да

Өтетін орны: Алматы қ., Орталық стадионның пресс-залы, Сәтпаев көшесі, 29/3

Ұйымдастырушылар: BAURZHAN қайырымдылық қоры, Қазақстан футбол Федерациясы, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

Бас серіктес: Samruk Kazyna Trust

Серіктес: RG Brands компаниясы

Қазақстанның балалар үйінен шыққан 12 команда “Арманға қарай” қайырымдылық турнирінде чемпион атағын иелену үшін бақ сынасады. Жеңген команда Испаниядағы “Реал Мадрид” футбол клубы мен әлемге танымал “Сантьяго Барнабео” стадионын көру мүмкіндігіне ие болады.

Әлемдегі ең мықты футбол клубына саяхаттап бару - балалар үйіндегі жеткіншектердің жеті жылдан бергі арманы. Енді бұл арман шындыққа айналмақ.

Осыған орай 10 қырқүйекте сағат 10:00-да балалар үйінің тәрбиеленушілерінің арасында футбол бойынша Қазақстан чемпионатының ашылуы мен пресс-конференция өтеді. Спорттық іс-шараға еліміздің 10 аймағынан 12 команда қатысуға ниетті.

Чемпионаттың ашылуына қатысатын ұйымдастырушылар:

• Балжан Турсын жоба координаторы, BAURZHAN қоры;

• Samruk Kazyna Trust өкілі;

• RG Brands компаниясының өкілі;

• “Қайрат” футбол клубының мүшесі Елдос Ахметов;

• Мурат Мутурганов;

• “Арманға қарай” жобасының 2018 жылғы чемпиондары - Семей қаласының балалар үйінің футбол клубы

Жеті жылдан бері өткізіліп келген Чемпионатта жеңіске жеткен 64 тәрбиеленуші бүгінге дейін Европаның ең атақты клубтарына саяхаттап келді. Олар “Барселона”, “Милан”, “Бавария” “Атлетико Мадрид”, “Челси”, “Пари Сен-Жермен” клубтарына барып, Месси, Робен, Торрес, Неймар сияқты футбол әлемінің жұлдыздарымен көрісу мүмкіндігіне ие болды.

Балжан Тұрсын +7 707 932 9786 +7 727 315 15 11 balzhantursyn@baurzhan.kz
09.09.2019

Возврат к списку