Жаңалықтар
Отбасы құндылықтары

Отбасы құндылықтары

Семейные ценности

Отбасы құндылықтары

          2013 жылдан бастап қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі. Отбасының ең маңызды әлеуметтік институттардың бірі ретіндегі маңызды рөліне күмән тудыруға болмайды. Дәл осы отбасы түрлі ұрпақ арасындағы байланыстырушы буын болып табылады, ол тұлғаны әлеуметтендіру процесіндегі бірінші саты. Мемлекетіміздің болашағы балалардың толық құқылы және толыққанды қоғам мүшелері ретінде қалыптасу процесінің қалай болатынына байланысты.

Жыл сайын Қазақстанда Отбасы күні белгілі бір ұранмен өтеді. Бұл күні бүкіл ел бойынша мерекені өткізуге мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер, денсаулық сақтау органдарының өкілдері қатысады. Концерттер, көрмелер, ағартушылық және оқыту сипатындағы лекциялар мен семинарлар, отбасылық спорттық жарыстар өткізіледі. Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры толық емес, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың, сондай-ақ мүгедек балалар тәрбиеленетін отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуге ерекше назар аударады. Осындай жарқын және маңызды мерекені мерекелеу құрметіне ЖСДМҚ Жастар Лофт орталығында «Отбасы құндылықтары» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Дәріскер қатысушыларға туған-туыстары мен жақындарының арасында рухани байланыс пайда болатынын айтты. Адамдар жақындары мен туысқандарының талғамдарын, әдеттерін, көзқарастарын біртіндеп сіңіреді. Ал отбасылық құндылықтар дегеніміз – бұл үйдің барлық мүшелері бірінші кезекке қойып, туыстық қарым-қатынастар үшін берік іргетас құрайтын қасиеттер, белгілер, әрекеттер.

Семинар интерактивті тәртіпте ұйымдастырылып, заманауи теория мен практикалық мысалдарды біріктірді. Семинар барысында дәріскер аудиториямен жұмыс істеп, қонақтар «сұрақ» және «жауап» формасындағы тақырыпты талқылауға қатысты. Семинар жүргізушісі барлық сұрақтар мен ұсыныстарға жауап беріп, қатысушыларға толық түсініктеме берді.

      Сондай-ақ, мереке аясында апта ішінде әр түрлі аудандарда өтетін аула клубтарынын «Жанұя» отбасылық фестивальдері басталды. Іс-шараның ауқымды ашылуы «Almaty Resort» демалыс орталығында өтті. Бұл жерде қатысушылар бүкіл отбасымен бірге тиімді уақыт өткізді, түрлі шеберлік сыныптарына, тренингтерге қатысып, жәрмеңкеде қолдан жасалған ерекше заттарды сатып алды және, әрине, фестивальдің отбасылық рухын жандандырды.






05.09.2019

Возврат к списку