Жаңалықтар
Отбасыны құлдыраудан сақтау үшін не істеу керек – психолог жауабы

Отбасыны құлдыраудан сақтау үшін не істеу керек – психолог жауабы

Отбасыны құлдыраудан сақтау үшін не істеу керек – психолог жауабы

Отбасыны құлдыраудан сақтау үшін не істеу керек – психолог жауабы

Шаңырақ шайқалып, отбасы құлдырамау үшін не істеу керек?

Бұл сұраққа психолог-педагог Ақгүл Молдабекова «Отбасы – мемлекеттің негізі» атты тренингте жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қоғамдық даму істері басқармасы мен «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының және «Даму» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Отбасы – мемлекеттің негізі» атты тренинг өтіп жатыр. Оған мемлекеттік қызметшілер, жас отбасылар мен отбасын құрғалы жүрген жастар қатысуда. Тренингтің бірінші бөлімі психологиялық тұрғыда өтті.

«Отбасын құлдыраудан сақтап қалу үшін жанұядағы әр адам бір-біріне жылы сөйлеп, ерлі-зайыптылар арасындағы жыныстық қарым-қатынас, тұрмыстық-экономикалық ахуал және көңіл-күй тұрақты болуы керек. Егер осылардың бірінің балансы бұзылса, отбасының құлдырауына әкеп соғуы мүмкін», – дейді Ақгүл Молдабекова.

Сондай-ақ тренинг барысында психолог қатысушыларға күйзелістен арылу үшін не істеу керектігін, қай автордың кітабын оқу керектігі жөнінде ақыл-кеңесін берді.

Ал тренингтің екінші бөлімі медициналық сауаттылық жайлы болды. Онда гинеколог дәрігер Камила Алимешова жас отбасылардың балалы болуды қай уақытта жоспарлау керектігі жайлы және алғашқы немесе одан кейінгі жүктілік кезіндегі жағдай туралы, сонымен қатар жасанды түсіктің зардабы туралы айтты.

«АХАТ бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, өкінішке қарай қазіргі уақытта әрбір үшінші отбасы ажырасып жатқан көрінеді. Біздің осы шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – шаңырақты шайқалтпау үшін жас отбасылардың немесе енді үйленгелі жүрген жастардың санасына психологиялық және медициналық тұрғыда жақсы әсер беру. Өйткені отбасы – мемлекеттің негізі. Дәл осындай шара тамыз айында да өткен болатын. Ал бүгінгі тренингке алдындағыға қарағанда қатысушылар саны көбірек. Айта кету керек, мұнда тек жастар ғана емес, орта жастағы ересек адамдар да қатысып отыр. Жалпы, бұл тренинг отбасы құндылығын сақтауда өте пайдалы болады деген сенімдеміз. Шараға қатысушылар бүгінгі алған білімдерімен алдағы уақытта өзге адамдармен де бөліседі деген ойдамыз», - деді «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының қызметкері Шыңғысхан Қожахметов тілшілерге берген сұхбатында.
05.09.2019

Возврат к списку