Жаңалықтар
Оралда жас кәсіпкерлер өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Оралда жас кәсіпкерлер өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Оралда жас кәсіпкерлер өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Оралда жас кәсіпкерлер өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Оралда «Жас кәсіпкерлер» жобасының қатысушылары үшін жәрмеңке ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіп бастауға ниетті 500-ге тарта жас мұнда ұлттық киімдер, тағам түрлері мен кәдесый бұйымдары секілді өз қолынан шыққан өнімдерін әкелген. Жоба аясында олар өнімді өткізумен бірге тұтынушылар табуды, нарықты зерттеуді меңгереді. Өз жобаларын сәтті жүзеге асырғандар 500 мың теңге көлемінде грантқа ие болады.

Айдана Татаханова, «Жас кәсіпкер» жобасының қатысушысы:

- Ұлттық нақыштағы дүниелерді шығарып жатырмыз. Соны халыққа ұсынып жатрымыз. Бір-бірімізден пікір алмасып, бір-біріміздің өнімдерімізбен алмасып көріп жатырмыз. Болашақта өзіміздің грантымызды алып, жұмысымызды әрі қарай жандандырғымыз келеді, бизнесімізді әрі қарай дамытқымыз келеді.

Алмагүл Исмағұлова, бизнес тренер:

- «Жас кәсіпкер» жобасына 18 бен 29 жас аралығындағы жастар қатысуға мүмкіндіктері бар. Ең басты талап – жобаға қатысатын жастар жұмыссыз болуға тиісті. Бизнестерін бастап кету үшін біршама қаражат беріледі, жастар болған соң қазіргі уақытта оларда дайын ақшасы жоқ, сондықтан оларға бастамасы ретінде керемет сома деп ойлаймын, 200 есептік көрсеткіш мөлшерінде.
04.09.2019

Возврат к списку