Жаңалықтар
Ақсулық студенттер жатақханамен қамтылады

Ақсулық студенттер жатақханамен қамтылады

Ақсулық студенттер жатақханамен қамтылады

Ақсулық студенттер жатақханамен қамтылады

Павлодар облысының Ақсу қаласында студенттік жатақхана мәселесі шешіледі.

Қазіргі уақытта қара металлургия колледжі үшін 200 орындық жатақхана салынып жатыр. Бұл – оқу орны студенттерінің тең жартысы. Айта кетейік, еліміздің ірі өндіріс ошақтары үшін кадр даярлайтын бұл колледжде жатақхана бұрын-соңды болмаған. Бұл оқу орнында Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысының студенттері білім алуда. Олардың қатарында тұрғын үй мәселесіне тап болғандар жетерлік. Проблеманы шешу үшін 670 млн теңге бөлінді. Ғимарат заман талаптарына сай салынуда. Студенттер үшін жаттығу залдары, асхана және кең бөлмелер ұсынылады. Айта кетейік, алдағы уақытта тағы екі орта білім беру орнында жатақхана пайда болады. Мәселен, облыс орталығындағы көлік және коммуникация колледжінің жатақханасын салуға 1 млрд 600 млн теңге бөлінген. Бүгінде Ертіс өңірінде 32 мемлекеттік колледж бар.

Ольга Поддубная, Ақсу қалалық металлургия колледжі директорының м.а:

– Студенттер жатақханада тегін тұрады. Бөлмелерді беруде ауыл жастарына басымдық беріледі. Сонымен қатар аз қамтылған отбасылардың және ата-ана қамқорлығынан айырылған студенттерге жеңілдіктер қарастырылған. Құрылыс жұмыстары мерзімінен бұрын осы жылдың соңында аяқталмақ.
29.08.2019

Возврат к списку