Жаңалықтар
Бірінші сыныптағы алғашқы қоңырау!

Бірінші сыныптағы алғашқы қоңырау!

Первый раз в первый класс!

Бірінші сыныптағы алғашқы қоңырау!

Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының жанында шығармашылық және спорттық бағытта 40 Демалыс орталығы жұмыс істейді, онда 5000-нан астам бала тегін негізде тәрбиеленеді. Биылғы жылы Демалыс орталықтарына баратын балаларымыздың арасында бірінші сыныптың оқушылары да бар. Біз, әрине, үлкен бір отбасы сияқты біздің бірінші сыныптың бүлдіршіндерін назарсыз қалдыра алмадық. Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры DepoEvolutionPark-те бірінші сыныпқа баратын балалар үшін «Кел, балалар, оқылық» атты қайырымдылық акциясын өткізді.
 
Баланы мектепке дайындау, барлық қажетті заттарды сатып алу – өте шығынды іс. Әсіресе, бірден бірнеше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға оңай емес. Біздің «Кел, балалар, оқылық» қайырымдылық акциямыздың мақсаты – бұл, ең алдымен, балаларға көмек және қолдау көрсету, атап айтқанда бірінші сынып оқушыларын рюкзактармен және оқуға қажетті кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету. Шақырылған демеуші – «Жебеу» республикалық қоғамдық бірлестігінің арқасында біз көп балаларға кеңсе құралдарымен бірге рюкзактарды сыйлай алдық.
 
Нағыз мерекені сезіну үшін біз мектеп қажеттіліктерін табыстаумен қатар, балалар үшін музыкалық және талантты ұжымдардың, қуыршақ театрларының тамаша қойылымдарын ұйымдастырдық. Сондай-ақ, аппликациялар жасау, сурет салу және пластилиннен фигуралар дайындау бойынша шағын мастер-класстар өткізілді. Мастер-класстар өткізу барысында біздің Демалыс орталықтарының педагогтары бүктелген қағаздардан гүл шоқтарын дайындап, іс-шара соңында оларды рюзактармен бірге балаларға табыстады. Бірінші сыныптың оқушылары мектеп қоңырауының үнімен өздерінің алғашқы маршын жүріп өтті. Бұл нағыз мектеп линейкасының алдындағы шағын дайындық болды. Болашақ оқушылар үшін тәтті тағамдар, кәмпит пен шай ұсынылған дәмді мерекелік дастархан жайылды. Дәмділер, hand-made бұйымдары мен қайырымдылық сыйлықтары акциямыздың бірде-бер кішкентай қатысушысын бей-жай қалдырмады.
 
Біз, «Кел, балалар, оқылық» атты акциямыз қоғамның игілігі үшін қызмет етіп, балаларға ересектердің көңілі мен мейрімін сезінуге көмектесті деп шын жүректен сенеміз. Бүгін балаларға көмек пен қолдау көрсете отырып, қайырымды және бақытты келешек ұрпақты тәрбиелейміз.









 
28.08.2019

Возврат к списку