Жаңалықтар
ШҚО-да «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» атты шара ұйымдастырылды

ШҚО-да «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» атты шара ұйымдастырылды

ШҚО-да «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» атты шара ұйымдастырылды

ШҚО-да «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» атты шара ұйымдастырылды

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше ден қойылып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай Шемонаиха ауданында «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» атты шара ұйымдастырылды.

Жас келсе іске. Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік қызметшілердің 20%-і 30 жасқа дейінгі азаматтар. Еңбек жолын енді бастап жатқан олардың білгенінен білмегені көп болары сөзсіз. Сондықтан жас мамандарды қызметтің қыр-сырына үйретіп, тұрғындармен жұмыс істеуге баулу -бүгінгі шеберлік сабағын өткізушілердің басты міндеті болды.

Айнұр Мұстафина, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі шқо бойынша департаментінің басқарма басшысы:

- Азаматтардың ұстанымын нығайту, олардың коммуникативтік қабілеттерін арттыру, командалық жұмыс істеу сияқты қасиеттерін арттыру бойынша шара ұйымдастырылып отыр.

Жалпы өткен жылы өңірдегі жұртқа 4 миллион мемлекеттік қызмет түрі ұсынылған екен. Ең бастысы, осы қызмет сапалы әрі жедел көрсетіледі. Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінде бұл тақырыпқа жеке дәрістер арналған.Қатысушылар алған тәжірибелерінің жұмыс барысында кәдеге жарарына сенімді.

Руслан Руспаев, Шемонаиха аудандық әкімі аппаратының бөлім басшысы:

- Біз барлығын тәжірибе жүзінде үйреніп жатырмыз.Осы жерде түрлі мысалдар келтірілді. Арасында қызмет барысында жіберген қателіктерді де талдадық.

3 күнге созылған біліктілікты арттыру сабағынан соң жастарға арнайы сертификаттар табысталды. Әзірге облыс бойынша бұндай шара тек осы Шемонайха ауданында ғана өтті. Жуық арада аталған жоба өзге аймақтарда да ұйымдастырылады. Өйткені мемлекеттік аппараттың халық үшін тиімді жұмыс істеуі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Аслан Төлепов
27.08.2019

Возврат к списку