Жаңалықтар
Шарын каньонына экскурсия

Шарын каньонына экскурсия

Экскурсия на Чарынский каньон

Шарын каньонына экскурсия

Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры жыл сайын Алматы қаласының Демалыс орталықтарында тәрбиеленетін балаларға арналған өлкетану экскурсияларының топтамасын өткізеді. Бүгін осы маусымда Шарын коньонына өлкетану экскурсиясы өтті.
Шарын каньоны – шөгінді жыныстардан қалыптасқан табиғат ескерткіші, олардың жасы шамамен 12 миллион жыл. Коньон тауларының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Бұл бірегей табиғи орындар біздің балаларды бей-жай қалдырмады. Басты сәулетшісі табиғат болып табылатын пейзаждардың қайталанбас сұлулығы қызықтырады. Ұлы қорғандарға ұқсайтын осы жерлердің ландшафты «Қорғандар алқабы» атауының қалыптасуына негіз болды. Шарын каньонының сыртқы көрінісі мұндай атауды толығымен ақтап, осылайша көптеген адамдар мен шетелдік туристерді өзіне тартады.
Бұл жерлердің сұлулығын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сұлулықты тек жоғарыдан ғана емес, төменнен де шатқалға түсіп көруге болады. Осы кезде сезім мүлдем әр түрлі болады. Балалар педагогтармен бірге орында командалық ойындар, жартасты таудың бойында серуен ұйымдастырды, және, әрине, фотосессия жасады.
Бұл ұмытылмас тур болды. Демалыс орталығының тәрбиеленушілері Қазақстанның қызықты киелі орнымен танысып, өлкетану саласында көптеген пайдалы нәрселерді танып, өткенге көз тастап, құпия бір сыр жасырынған каньондардың пайда болу тарихын білді. 
Бүгінде Шарын каньоны шетелдік туристер көп келетін туристік орындардың бірі. Біз өз кезегінде осы ұлы орында біздің жазғы танымдық экскурсияның маусымын аяқтағанымызға қуаныштымыз.








23.08.2019

Возврат к списку