Жаңалықтар
Қазақстан мен АҚШ жастары бірқатар сала бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асырмақ

Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының жастары білім, ғылым, мәдениет пен спорт салалары бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асырады.

Өзара тәжірибе алмасады. Елордада өткен арнайы форумда осындай меморандумдарға қол қойылды. Атап айтсақ, жастарымыз АҚШ-тағы еріктілер жұмысын жандандырудың озық әдістерін меңгермек. Қазір елдегі қоғамдық бірлестік өкілдері осы бағытта жаңа ұсыныстар әзірлеп жатыр. Бірінші кезекте еріктілер тобының бірыңғай платформасы құрылмақ. Барлық мәліметтер сол жерде сақталады.

Айсұлу Ерниязова, еріктілер лигасының төрағасы:

– Біздегі проблема – еріктілер тек бір науқан кезінде ғана бас қосып, белсенді жұмыс істейді. Мысалы, біздің ұйым Универсиада кезінде пайда болды. Ал қазір еріктілер тобын жүйелі түрде жұмыс істеуге баулу мақсаты тұр. Өзіміз 8 бағыт бойынша халыққа кешенді түрде қолдау көрсетіп келеміз. 2016 шы жылы «Еріктілер туралы» заң қабылданды. Құжат аясындағы мүмкіндіктеріміз әлі де кеңейе түссе деген тілек бар.
22.08.2019

Возврат к списку