Жаңалықтар
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі

Ярмарка вакансий

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі

Еңбек нарығы перспективалы жұмысқа уәде беретін үлкен хабарландыруларға толы, бірақ іс жүзінде оның барлығы орындала бермейді, сондықтан тұрақты және жоғары ақы төленетін жұмысты табу оңайға соқпайды. Компаниялар акциялар мен әртүрлі жәрмеңкелер арқылы жұмыс іздеушілердің назарын аударып, сол арқылы қызметкерлерді бос орындарға жұмысқа алады.
Бүгін Әуезов ауданы әкімдігінің қолдауымен GrandPark сауда-ойын-сауық орталығының алдында ауқымды бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары – Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры және RetailinDetailConsulting жаңа кадрлар іздеп жүрген Алматы қаласының топ жұмыс берушілерін бір жерге жинады. «Қазақстан Халық Банкі», «Цин Каз», «Ақсай», «Рамстор», «Serebroff», «Intertop», «Bazis», «Обис» ЖШС және басқа да көптеген танымал компаниялар жәрмеңкеде өздеріндегі бос позицияларды ұсынды. Сондай-ақ, Алматы қаласы Жастар Ресурстық Орталығының жұмысы, жастарға кеңес беру орталығы мен кәсіби бағдар беруші маманның қызметтері ұсынылған тегін қызметтер тізбесі таныстырылды.
Лайықты жұмыс табуға ниет білдіргендер аз болмады. Біреу мақсатты түрде қалаған компаниясына жұмысқа қабылдану үшін келсе, ал біреулер жай қызғушылық танытып келсе де армандаған жұмысынан ұсыныс алып кетті. Өзінің кім болғысы келетінін және өз жолын таба алмай жүргендер үшін арнайы алаң жұмыс істеді, онда RetailinDetailConsulting мамандары мен сарапшылары кандидаттарға кеңес беріп, түйіндемелерді толтыруға көмектесіп, табысты жұмысқа орналасу бойынша мастер-класстар өткізді. Жәрмеңкенің кеңес беру орталығы жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің қызықтырған кез келген сұрақтарына жауап берді.
Бүгін көп адамдар жәрмеңкеден арманындағы жұмысынан ұсыныс алып кетсе, ал компаниялар жаңа мамандарын тапты, оған біз өте қуаныштымыз.








19.08.2019

Возврат к списку