Жаңалықтар
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Елімізде жұмыссыздықпен күрес қызу жүргізілгенімен, бұл мәселе әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен жоқ. Қазіргі уақытта жұмыссыздық дерті тек қазақ қоғамын ғана емес, әлем елдерін алаңдатып отыр. Ал, Қазақстанда жұмыссыздықтың салқыны ең әуелі жастарды шарпуда. Соңғы жылдары елімізде екі қолға бір күрек таппай жүрген жас мамандар қатары көбейіп кетті. Бұл – бүгінгі қоғамда айқын көрініс тауып отыр.

Жастар арасындағы жұмыссыздықтың артуына себеп те аз емес. Солардың қатарында ең әуелі жоғары оқу орындарының нарық талабына сай маман даярлай алмауы, мамандарды әзірлеу үшін онда қажетті инфрақұрылымдардың болмауы, жұмыс берушілердің жас мамандарды жылы қабылдамайтындығы аталатыны анық. Оны ешкім жасыра алмайды.


Осыған орай, ағымдағы жылдың тамыз айының 16 күні Көкшетау қаласы Абай көшесі 114 Б мекенжайы бойынша «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңкенің ұйымдастырушысы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы болып табылады. Аталған бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің мақсаты – облысымыздағы тұрғындарды тұрақты және уақытша жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, халықтың әлеуметтік белсенділігін арттыру, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша халыққа кеңес беру. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне білім беру мекемелері, денсаулық сақтау ұйымдары сияқты 25-тен аса жұмыс берушілер, өздерінің 200-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 50-ден аса адам сұхбаттасудан сәтті өтіп, жұмысқа орналасуларына мүмкіндік туды. Іс-шара – облыстық жастар-ресурстық орталығының ең алғашқы өткізіліп жатқан бос жұмыс орындар жәрмеңкесі болып табылады. Жалпы алғанда, жыл соңына дейін тағы 1 бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр.


Сонымен қатар, аталмыш жәрмеңкеге «Нұр Отан» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлімшесі, «Атамекен» ҰКП және қалалық жұмыспен қамту орталығы қатысты.

Жалпы алғанда, шара өте қызу өтті десек, қателеспеген болармыз. Себебі әрбір қатысушы өзінің таңдаған мамандығы бойынша толықтай мәлімет алып, көкейлерінде тұрған сұрақтарын еркін жариялап, жұмысқа орналасуға бір қадам ілгері басқандары байқалды.
19.08.2019

Возврат к списку