Жаңалықтар
Демалыс орталықтарындағы балалар үшін «Көшпенділер» қаласына экскурсия

Демалыс орталықтарындағы балалар үшін «Көшпенділер» қаласына экскурсия

Экскурсия для детей из Досуговых центров в город «Кочевник»

Демалыс орталықтарындағы балалар үшін «Көшпенділер» қаласына экскурсия

Бүгінгі таңда Қазақстанда бес бекініс сақталған, оларды көріп ежелгі дәуірдегі фортификациялық бекіністердің қандай болғаны туралы толық түсінік аласың. Демалыс кезеңінде балалардың мәдени бос уақытын өткізу және киелі орындармен таныстыру мақсатында Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры Демалыс орталықтарындағы балалар үшін «Көшпенділер» қаласына экскурсия ұйымдастырды. 
«Номад» бекінісі 2005 жылы шыққан «Көшпенділер» фильміне декорация ретінде салынған болатын. Қазір бұл қаланы «Номад бекінісі» деп жиі атайды және жыл сайын мыңдаған туристер Қапшағай қаласынан 30 км қашықтықта, Іле өзенінің жағасында орналасқан осы туристік нысанға ағылып келеді.
Кешеннің өзі XVIII ғасырдың стилінде жасалған бірегей құрылыстардың бірнеше түрінен тұрады. Мұнаралар мен бекініс қабырғалары, тұрғын орамдары мен мұнаралары бар «ежелгі» мешіт, базарлар мен алаңқайлар айнала қоршаған пейзажбен органикалық жағынан үйлесім тапқан. Қазіргі уақытта бекініс аумағында этнографиялық лагерь жұмыс істейді, мезгіл-мезгіл сайын тақырыптық іс-шаралар өткізіледі, мастер-класстар ұйымдастырылады, бейнебаяндар мен фотосессиялар түсіріледі. Жергілікті гидтар бізге кешеннің барлық бұрыштарын көрсетіп, бекіністің қабырғаларында сақталған көп ғасырлық тарихпен бөлісті.
Бұл жерге барғанда ата-бабаларымыздың тарихына еріксіз үңіліп, өзіңізді уақыт аралығынан өткендей күйде кешесіз. Өткен ғасырға тап болғандай, сіз қала көшелерін аралап, жергілікті тұрғындардың дауыстары мен ат тұяқтарының тоқылын естисіз, басыңызда жарқын бейнелер мен қайталанбас сезімдер пайда болады. Бекіністен басқа, балалар тәлімгерлерімен бірге ірі Жетісу өзенінің жағасында серуендеп, табиғат сұлулығын тамашалап, кешен ішінде, оның айналасында көп сағаттық фотосессияны ұйымдастырды, себебі камераға осындай әдемі жерлерді түсірмеген біз үшін кешірілмес күнә болар еді.








17.08.2019

Возврат к списку