Жаңалықтар
Демалыс орталықтары басшыларының жиналысы

Демалыс орталықтары басшыларының жиналысы

Совещание руководителей Досуговых центров

Демалыс орталықтары басшыларының жиналысы

Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының (бұдан әрі – ЖСДМҚ) Демалыс орталықтарының басшылары мен педагогтарының кезекті жиналысы бүгін Жастар Лофт орталығында өтті.  Жиналыста жаңа оқу жылы қарсаңында іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері қаралып, талқыланды.

Басты міндеттердің бірі оқушылардың оқудан бос уақытында жұмыспен қамтылу мәселесі болып отыр. Демалыс орталықтарының жұмысын дұрыс ұйымдастыру көптеген оқушыларға әртүрлі үйірмелер мен секцияларға барып, айналысуға мүмкіндік береді. Балалар мен жастардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру үшін жан-жақты және жүйелі жұмыс жүргізу арқылы біздің педагогтар профилактикалық, түсіндіру, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын және сыныптан тыс танымдық сағаттар өткізеді.

Алматы қаласының ЖСДМҚ жыл сайын көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына өлкетану экскурсияларын өткізеді. Жобаларды іске асыру барысында жыл бойы осы санаттағы балалар мен жасөспірімдер үшін Алматы қаласындағы кинотеатрларға, аквапарктарға, хайуанаттар бақтарына, мұражайларға тегін сапар ұйымдастырылады. Осы бағдарламалар шеңберінде оқу жылы басталғанға дейін балаларға тағы да Қазақстанның бір-екі киелі орындарына бару мүмкіндігі туып отыр, осы бойынша мәселелер де жиналыс барысында талқыланған болатын.

Сонымен қатар, Демалыс орталықтарына спорттық құралдар, балалармен жұмыс істеуге арналған кеңсе тауарлары таратылды.






17.08.2019

Возврат к списку