Жаңалықтар
«Ел-Назы» демалыс орталығы

«Ел-Назы» демалыс орталығы

Досуговый центр «Ел-Назы»

«Ел-Назы» демалыс орталығы

Жастарды қолдау болашаққа жасалған ең сенімді әрі тиімді инвестиция болып саналады. Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры азаматтардың осы санатын дамытуға, тәрбиелеуге және әлеуметтендіруге ерекше көңіл бөледі.
Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының жанында балалар мен жасөспірімдерге арналған 40 Демалыс орталығы жұмыс істейді. Үйірмелер мен секциялардың жұмысын мамандандырылған педагогтар тегін негізде жүргізеді және 5000-нан астам баланы қамтиды. Әр Аула клубының өз бағыты бар. Кез келген бала осы жерде өзінің жүрегіне жақын істі таба алады, қыздар, әдеттегідей, би билейді, ән салып, қолөнермен айналысады, ал ұл балалар көбінесе спорт секцияларында шұғылданады. Ал клубтардың тәжірибелі педагогтары мен басшылары бүлдіршіндерге өз шеберлігін шыңдауға көмектеседі. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға ерекше назар аударылады. 
Бір жыл бойы Мемлекеттік қордың қызметкерлері Демалыс  орталықтарындағы балалар үшін түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар, спорттық турнирлер мен жарыстар, әскери-патриоттық ойындар, эко-акциялар, кітап алмасу шаралары мен кино-түндерін өткізеді. Сондай-ақ, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды қолдау ретінде ЖСДМҚ балалардың демалысы кезеңінде мәдени демалыс уақытын ұйымдастыру және Алматы облысының киелі жерлеріне барып, қарау мақсатында түрлі экскурсиялар өткізеді. 2000-нан астам балаға танымдық экскурсиялар, кездесулер мен Шыңдарға көтерілу шаралары өткізілді, оның ішінде аквапаркке 400, кинотеатрға 400, хайуанаттар бағын аралауға 200 билет, сондай-ақ Қастеев атындағы музейді және Табиғат музейін көруге 200 билет таратылып, 100-ден астам бүлдіршін Сұңқар питомнигіне саяхаттап келді.
Жаңа оқу жылының қарсаңында Демалыс орталықтарынан шыққан балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында ЖСДМҚ «Мектепке жол» акциясын өткізеді. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арнайы қалталар, оқу жылына арналған барлық қажетті кеңсе құралдары салынған рюкзактар ұсынылатын болады. Сондай-ақ, түрлі дәмділер мен сусындар ұсынылатын «Дәмді дастархан» ұйымдастырылады.
Жоғарыда айтылғандай, біздің Демалыс орталықтары әртүрлі бағыттар бойынша жұмыс істейді. Осындай маңызды бағыттардың бірі – мүгедектік дәрежесі бар балаларға көмек көрсету. Мысалға, «Ел-Назы» демалыс орталығы есту қабілеті бұзылған балаларды қолдаумен айналысады. Тәжірибелі педагогтар, логопедтер күн сайын балалармен айналысып, оларға қоғамға бейімделуге көмектеседі. Музыкалық терапия, сөйлеуді есту және есту қабілетін дамыту сабақтарының, сурет салудың арқасында педагогтар осындай ауыр сырқаты бар балалардың өмірін едәуір жақсартып, жеңілдетеді. Сонымен қатар, орталықтың мамандары ата-аналарға психологиялық кеңестер мен тренингтер өткізеді. Бүгін республикалық «Хабар-24» телеарнасы балаларға қонаққа келді. Педагогтар олар үшін Аула клубтары бойынша экскурсия өткізіп, орталықтың негізгі міндеттері мен мақсаттары туралы әңгімелеп, сондай-ақ клубтың алдағы уақыттағы даму жоспарларымен бөлісті. Тілшілер сабақ кезіндегі сюжеттерді түсіріп алды. Балалар өз қабілеттерін көрсетіп, орталықта оқу кезіндегі нәтижелерімен бөлісті. Сондай-ақ, телевизия қызметкерлері ата-аналар мен ұстаздардан, сондай-ақ Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Алма Ауганбаевадан сұхбат алды.
 







14.08.2019

Возврат к списку