Жаңалықтар
«Жобаны ақшасыз қалай іске асыруға болады?»

«Жобаны ақшасыз қалай іске асыруға болады?»

«Как запустить проект без денег?»

«Жобаны ақшасыз қалай іске асыруға болады?»

Жастар Лофт орталығында «Жобаны ақшасыз қалай іске асыруға болады?» тақырыбында семинар өтті.
Қазіргі таңда жобаны ақшасыз, инвестиция тартпай іске қосуға, табысты тәуелсіз компанияны құруға болады дегенге сенетіндер аз. Ойлаған жоспарды қалай жүзеге асыру керек? Жобаны ақшасыз іске қосу жоспары қандай болуы тиіс? Бір ғана ойдан мыңдаған сұрақ пайда болады. Бүгінгі таңда бұл тақырып жастар мен жаңа бастап келе жатқан стартапшылар арасында өзекті болып табылады, сондықтан Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының қызметкерлері осы тақырыпта танымдық семинар өткізуді шешіп, семинарды тәжірибелі сарапшы дәріскер-маман жүргізді.
Семинарда дәріскер елеулі бастапқы капиталы жоқ табысты жобаны қалай іске қосу керектігін айтты. Сондай-ақ, ол семинарға қатысушылармен жастар арасында бизнес-жоспарлау дағдыларын қалай дамыту керектігі туралы, бизнес қызмет құралдарын әзірлеудің қауіпсіз форматы туралы маңызды ақпаратпен бөлісті, өз бетінше және біреулермен әріптестікте бизнес құру бойынша ұсыныстар берді.
Жоспар жасаудың алдында дәріскер жоба барысында туындайтын көптеген сұрақтар мен олардың жауаптары туралы хабардар болу керектігін түсіндірді. Өз пікірлестерін табу, алдағы жобаның мақсаттары мен міндеттерін анықтау, жұмыстың барлық көлемі мен кестесін дайындау, содан кейін жобаны құруға және іске асыруға кірісу қажет.
Қатысушылардың барлығы көп айтылған іскерлік кеңестерден өздері үшін жаңа білім жинақтады, әрқайсысы өздерін іштей толғандырып жүрген сұрақтарына жауап тауып, семинар соңында залға жиналған көпшіліктің көңілі риза болды.  Біз шешім қабылдауға қиналып, өз уақытын әлі күтіп жүргендерге көмектесуге қуаныштымыз. Егер дәріскер айтып берген схемалар мен кеңестерді ұстанып, барлығын жоспар бойынша орындайтын болсаңыз, онда Сізді жаңа жобаның іске қосылуымен құттықтауға болады. Өзіңізге сеніңіз, сонда Сізде бәрі орындалады!
      Кәсіби оқытушылар тобына - Исакова Ю., Маслацов П., Абилекова С., және де Карабаева К. жастарға қызықты және ақпараттық семинар өткізгені үшін алғыс айтамыз.







 
 
13.08.2019

Возврат к списку