Жаңалықтар
Еркін шығармашылық фестивалі

Еркін шығармашылық фестивалі

Еркін шығармашылық фестивалі

Еркін шығармашылық фестивалі

Жастар қоғамның қозғаушы күші, еліміздің ертеңі. Асқақ рухты жастар қашанда болашағы зор Қазақстанның сенім артар азаматтары десек қателеспейміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ елінің өркендеу жолында келешек ұрпаққа көп сенім артады. Сол себептен еліміздің тұңғыш президентінің жастарға деген сенімін ақтау, мемлекет тарапынан жасалып жатқан ізгі істерін дұрыс жолда пайдалану барша қазақстандық жастар үшін міндет.

Сонымен қатар, биылғы жыл – Жастар жылы болғандықтан, жастар үшін маңызды әрі ерекше жылдардың бірі екені сөзсіз. Жастар жылы аясында көптеген іс-шаралар, форумдар, фестивальдер және тағы да басқа мерекелік шаралар өткізілуде. Сондай мерекелік шаралардың бірі – жастар күніне орай өткізіліп жатқан фестивальдер. Республикамыздың әр өңірлерінде осындай атаулы күн аясында көптеген қызықты әрі жарқын бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Осыған орай, Халықаралық жастар күнін мерекелеу шеңберінде, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы, Көкшетау қаласы жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, «Еркін шығармашылық фестивалін» өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, жастарды мәдени құндылықтарға тарту, жастардың азаматтық және патриоттық өзін-өзі тануын ынталандыру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Аталған фестивальге, Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смаилов қатысып, жастармен бірге тамашалап, керемет әсер алғаны байқалды. Іс-шара барысында караоке, Hip-hop байқауы, STREET WORKOUT бойынша жарыстар, фотосуреттер көрмесі өтті. Әр сайыстың жеңімпаздарына музыкалық центр, гироскутер сияқты бағалы сыйлықтар сыйға тартылды.

Кеш соңында қаламыздың жастарына арналған қызықты OPEN AIR өтіп, жастармен түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Сайыстың нәтижесі бойынша жеңіске жеткен әр қатысушыға, демеушілерімізден сертификаттар табысталды.
12.08.2019

Возврат к списку