Жаңалықтар
«Абай» метро бекетінде кітап алмасу Bookcrossing ұйымдастырды

«Абай» метро бекетінде кітап алмасу Bookcrossing ұйымдастырды

Книгообмен Bookcrossing на станции «Абай»

«Абай» метро бекетінде кітап алмасу Bookcrossing ұйымдастырды

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры кітап алмасу бойынша Жастар Bookcrossing-ін ұйымдастырды.
Буккроссинг-бұл жахандық кітап алмасу жобасы. «Өзің оқысаң,өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген  Жастар Bookrossing-гі Абай шығармаларына арналды.Жастар ресурстық орталығында тамыздың 1-нен бастап кітап жинау пункті жұмыс істеді. Сонымен қатар «Меломан» компаниясы «Абайдың қара сөздерін» 200-дей данасын басып шығарып,сыйлыққа берді. 
Сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін «Абай» метро бекетінде кітап құмар және кітап сүйер қауымның көңілінен шығатын оқиға – Абай кітаптарымен алмасуға арналған Жастар Bookcrossing-і өтті. Бұл – жеке кітапхананы жаңарту, ұлы ақын – Абай Құнанбаевтың шығармаларын еске түсіріп және бұрын оқымаған туындыларымен бастарды таныстыру шара. Осы күні метро бекетінде контцерттік бағдарлама өтіп, ақынның ең үздік өлеңдері, қара сөздері мен әндері оқылды. Қонақтарға Қазақстан Жазушылар одағының кiтапханасы Абай кiтаптарының Көрмесiн дайындап, ұсынды. Жастарды қолдап Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, бірнеше жыр кітаптарының авторы, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы Саят Қамшыгер ағамыз, көп жылдар  «Ұлан» балалар газетінің бас редакторы болған , қазіргі кезде Ұлттық аударма бюросынының редакторы Есей Жеңісұлы келді. Олар Bookrossing-қа өз үлестерін қосып арнайы жасалған кітап сөресіне әдебі туындыларын қойды. Жастар Абай кешiнің ең белсенді қатысушылары сұрақ-жауап ойынына дұрыс жауап беріп Урузбаева Роза,Мехамедирова Майгул, Қасымов Юсуф,Алатау Жанерке,Нұрқаева Аружан,Құбаш Дос,Аирет Жанель «Абайдың қара сөздерін» женіп алды.  Ал қалған көрермендер Абай өлендерінен «попурри» орындаған жас әнші Халидолла Нұрданаға қосылып, әндетті. Жас көрермендерге мереке барысында «Абай өлеңдері» тақырыбында «Ең үздік сурет» байқау өтті, Көрермендер  үздік суреттерге дауыстарын беріп, Нурболатова анар,Жакаева Аяжан,Қыдыр Гүлнур жеңіп алды.









09.08.2019

Возврат к списку