Жаңалықтар
Алматы қаласы Демалыс орталықтарының көп балалы отбасыларынан шыққан жүзден астам балаға Табиғат музейіне экскурсия ұйымдастырған

Алматы қаласы Демалыс орталықтарының көп балалы отбасыларынан шыққан жүзден астам балаға Табиғат музейіне экскурсия ұйымдастырған

Экскурсия в музей Природы для более ста детей из многодетных семей Досуговых центров г. Алматы

Алматы қаласы Демалыс орталықтарының көп балалы отбасыларынан шыққан жүзден астам балаға Табиғат музейіне экскурсия ұйымдастырған

Бүгін Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Алматы қаласы Демалыс орталықтарының көп балалы отбасыларынан шыққан жүзден астам балаға Табиғат музейіне экскурсия ұйымдастырған болатын. Музей табиғат әлемінен сыр шертеді, сондықтан тарихты білмей, болашақты елестету қиын болатынын, яғни оны қалыптастыру қиындыққа соғатынын түсіну қажет.
Табиғат музейіндегі коллекциялар Алматы облысында үлкен мүйізтұмсықтың қаңқасының қалдығы табылған 1912 жылдан бастау алады. Бұдан кейін де осы бағытта үлкен ашылулар болып, зоология секторының құрылуына жол ашылды.
Экскурсовод бізді қарсы алып, балалардың қай сектордан бастап танысқысы келетіні туралы қызығушылық танытып, 2 секцияның жұмыс істейтінін түсіндіріп берді. Біріншісі жануарлар әлемінің өткенін баяндаса, екіншісі бүгінгісін әңгімелейді. Көздерінде қызығушылық оты жанған балалар бірден бірінші секцияға өтті. Бұл секторда олар көптеген қызықты сұрақтарды қоя отырып, Қазақстанда табылған археологиялық олжаларға тамсана қарап, Табиғат музейінің Басты құндылығы – үлкен зерттеулерге жол ашқан алып мүйізтұмсықты көрді. Әрі қарай Юра кезеңіндегі динозаврлардың сүйектерін, ежелгі хайуанаттардың тастағы қалдықтарын, үлкен жабайы қабандардың қалдықтарын және т.б. қарады. Жәдігерлердің басым бөлігін геологтар мен палеонтологтар елдің орталық аймағындағы Торғай және Зайсан ойпаттарынан жинаған. Содан кейін біз келесі залға өттік. Мұнда да өте көп қызықты заттар табылды. Бұл секцияда өсімдік және жануарлар әлемінің қазіргі алуан түрлілігі көрсетілген. Материалдар кітаптар, суреттер, тұлыптар, макеттер, гербарилерде және т.б. ұсынылған болатын. Көрнекілік үшін бөлмелердің қабырғаларына елді мекеннің бұрыш-бұрышындағы табиғатты бейнелейтін суреттер салынған. Мұнда: жылқылар, балықтар, көбелектер, бұландар, қойлар, қасқырлар, аюлар мен жануарлар әлемінің басқа да өкілдерін көруге болады.   
Осы ғажайып музейде өткен экскурсия тек балаларды ғана емес, сондай-ақ қызметкерлерімізді де ұмытылмас керемет әсерде қалдырды.







08.08.2019

Возврат к списку