Жаңалықтар
Елордалық жастар өздерінің жаңа театрын ашты

Елордалық жастар өздерінің жаңа театрын ашты

Елордалық жастар өздерінің жаңа театрын ашты

Елордалық жастар өздерінің жаңа театрын ашты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Астаналық заманауи театры «АZT» өз жұмысын бастады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жаңа өнер ордасы қала қонақтарына өз шымылдығын «Шекспир қиялы» спектакльімен ашты. Театр ансамбльі 15 жас таланттардан құралған.

Атап айтсақ, театр директоры Жекебатыр Камен, режиссер Аян Әлімбаев, көркемдік жетекші Сабыр Батырхан, актер-актриса қыз-жігіттер: Аяулым Муминова, Маргулан Наменов, Айжарқын Абай, Сабира Сугурова, Дархан Алдонғаров, Нұрғазы Жұмабай, Аян Батырбек, Әлібек Еріков, Каламышева Ұлжан, Мадияр Жақып, Расул Ерназаров және Асхат Байтілеу. Барлығы халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты атанған жастар.

Театрдың басқалардан ерекшелігі бір қойылымды үш тілде өткізуінде. Яғни, осыған дейін ешбір театр бұл бағытты ұстанған емес. «Шекспир қиялы» спектакльіне лық толы зал жиналды.

Қойылымға Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұралы Айдашев, ҚазҰӨУ тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Қымбат Тілеуова, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы Айнұр Бермұхамбетова, ҚазҰӨУ ұстаздары мен жалпы театр сүйер қауым келді. Сыншылар мен көрермендер алғашқы қойылымға жоғары баға берді.

Қымбат Тілеуованың сөзінше, жастар жылында жас буынды қолдау, біздің негізгі мақсатымыз болып табылады деп есептейді. «Біздің мақсатымыз - жастарды қолдау.

Астаналық заманауи театр біздің елімізде жоқ өнер ордасының біріне айналары сөзсіз. Сіздерден күтер үмітіміз зор»,- деп атап өтті шарада Қ.Тілеуова. Бір жарым сағат көлемінде ән де айтылды, би де биленді, көрермен күлді әрі көңілі босады. «AZT» театрының алға қойған мақсаты биік.

Театр құрамындағы әрбір жас болашақта қазақ өнерінің аспанындағы жарық жұлдызға айналуды мақсат еткен. Ертеңнен бастап өнер ұжымы Рақымжан Отарбаевтың «Нашақор туралы новелла» атты драмасына дайындық жұмыстарын бастайды.
07.08.2019

Возврат к списку