Жаңалықтар
Қостанай облысындағы шағын ауылда жастар саябағы ашылды

Қостанай облысындағы шағын ауылда жастар саябағы ашылды

Қостанай облысындағы шағын ауылда жастар саябағы ашылды

Қостанай облысындағы шағын ауылда жастар саябағы ашылды

Көкалат ауылында жастар саябағы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл - Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы осы бір шағын елді мекеннен әр жылдары түлеп ұшқан азаматтардың туған жерге деген тартуы. Кезінде ойқы-шойқы, шаңы бұрқырап жатқан аумақ, қазір балалардың ойын алаңы мен жастардың сүйікті демалыс орнына айналған.

Көкалат - Торғай өлкесінің шалғайындағы шағын ғана ауыл. Орталықтан шет жатса да, бұл ауылдың анау айтқандай сиқы кетіп, құты қаша қойған жоқ. Жүз шақты үй түтін түтетіп отырған елді мекен қайта жылдан жылға түлеп келеді. Жақында ауыл ортасынан жастар саябағының ашылуы сол сөзіміздің дәлелі.

Айбас Әлім, Көкалат ауылының тұрғыны:

- Өзімнің 7 балам бар. Балалар жан-жақта жүрер еді. Қазір рахат саябақтан тауып аласың. Бұрын бос болды. Сай-шұңқыр. Қазір, мінеки, көгалданып, енді күзде тал егеді, тіпті әдемі болады.

Жастар саябағын ауыл тумалары қаржы жинап, өз күштерімен салып шықты. Бұдан бұрын су тартылып, көше жарықтандырылды. Ағаштар отырғызылып, қорым қоршалды. Әлеуметтік саладағы осындай игі істер, ауылда жастардың тұрақтап қалуына бірден бір сеп.

Жұлдызай Аймағанбет, шаруа қожалығының басшысы:

- Бұрынғыдай емес, қалаға балалар кеткісі келмейді қазір, қайта қаладан оқып келгеннен кейін елде жұмыс болса, елде жұмыс істеуге дайын балалар.

Туған жерді түлету іс-шаралары мұнымен шектеліп қалмақ емес. Саябақтың ашылу салтанатына алыс-жақыннан жиналған ауыл түлектері келер жылдары атқарылатын шаруалар жайын тағы бір пысықтап анықтап алды.

Кенжетай Мыржықов, Көкалат ауылының тумасы:

- Келесі жылдарға жаңағы спорттық алаң саламыз деген ой бар. Одан кейінгі жылдары ауылға жастар мәдениет үйін салғысы келеді. Бұл елдің жігіттерінің өзінің ойы.

Елін, жерін сүйетін осындай азаматтар барда, талай даналар мен дараларды дүниеге әкелген тарихи мекен Көкалат ауылының қай кезде де тойы тарқап, бағы тая қоймас.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг
06.08.2019

Возврат к списку