Жаңалықтар
Атырауда «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылды

Атырауда «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылды

Атырауда «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылды

Атырауда «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылды

Бағдарламаға 4 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасылар, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар қатыса алады.

Бұл туралы брифингте Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Иғалиев мәлімдеді.

– Аталған бағдарлама ең алдымен, аз қамтылған отбасыларды, яғни, қазіргі таңда жалдамалы пәтерлерде, басқа біреудің пәтерінде, уақытша тұрақтарда тұратын, бастапқы жарнаға ақша жинай алмайтын отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету болды. Сондықтан да, алғашқы талап – отбасылар аз қамтылған болуы тиіс.

Отбасының бір мүшесіне кіріс 42 500 теңгеден аз болуы керек. Яғни, егер бізге тек жолдасы жұмыс істеп, жары балалар күтімімен айналысып, жұмыс істемейтін болса, онда олардың табысы 255 мың теңгеден аспауы қажет. Осылайша, бастапқы жарнаны жинауға шамалары жетпей жүрген адамдар бірінші кезекте өтеді, – дейді Мұрат Иғалиев.

Айта кетейік, Несие жылына 2 пайыздық мөлшерлемемен 19 жылға беріледі. Алғашқы жарна көлемі – 10 пайыз. Аталған несие аясында жаңадан салынған немесе екінші нарықтағы дайын үйлерді сатып алуға болады. Сондай-ақ, жеңілдетілген несие алу үшін өтініш берушінің жеке басында және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінде өтінім берген кезде жеке баспаналары болмауы қажет.

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-ba%D2%9Bytty-otbasy-ba%D2%93darlamasy-iske-%D2%9Bosyldy/ 
22.07.2019

Возврат к списку