Жаңалықтар
Балаларға арналған өлкетану жорықтары жалғасуда

Балаларға арналған өлкетану жорықтары жалғасуда

Краеведческие походы для детишек продолжаются

Балаларға арналған өлкетану жорықтары жалғасуда

Жұма. Барлық қала күнделікті күйбелең тіршіліктен демалып, достарымен кездесіп, саяжайға бару секілді ойдағы жоспарларын іске асыру үшін аптаның осы күнін асыға күтеді. Біздің жақсы дәстүріміз бойынша демалыс кезеңінде балалардың демалысын ұйымдастыру шеңберінде Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының қызметкерлері 40 Аула клубының жетекшілерімен және жасөспірімдерімен бірге әр жұма сайын тауға, көлге және сарқырамаға саяхат жасайды. Естеріңізге сала кетейік, Демалыс орталықтарында 5000-нан астам балалар мен жасөспірімдер демалады. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға негізгі басымдық беріледі. Бұл жолы бізге Есік көлінің ерекше сұлулығын көріп, тамашалау бақыты бұйырды.
Есік – бұл қалың ормандар мен жайқалған гүл алқабының ерекше әдемі табиғатымен қоршалған көркем, биік таулы көл. Көл теңіз деңгейінен 1760 метр биіктікте, Іле Алатауының Есік шатқалында, Алматыдан шығысқа қарай шамамен 70 км жерде орналасқан.
Көлдің орналасқан жері белсенді тау туризмін сүйетіндер үшін және демалыс күндері пикник жасауға ниет білдірушілер үшін өте қолайлы. Мұнда кез келген адам «Кремль қабырғалары» деп аталатын әдемі жартастарға жорық жасап немесе айқара ашылған сұлу табиғаттың құшағында таудың таза ауасымен демалып, көлдің жағасында жайғаса алады. Бұл орын, сондай-ақ мұнда б.з.д. IV-V ғғ. Есік қорғанын көру мүмкіндігімен адамдарды өзіне тартады. Баршаға белгілі, Қазақстанның символына айналған алтын киімді Сақ жауынгері – «Алтын адам» осы тарихи маңызы бар жерден табылды.
Балалар жергілікті жерде жаяу серуендеп, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне барып, б.з.д. IV-V ғғ. Есік қорғанында болып, ата-бабаларымыздың тарихына үңіліп, гидтерден әр түрлі оқиғалар мен деректерді тыңдай отырып, өткеніне саяхат жасады. Мәдени-танымдық бағдарламадан кейін жас туристер үшін тамақ ұйымдастырылды. Сұлу табиғат аясындағы ашық отта піскен дәмді палау, түтін және дала гүлдерінің хош иісімен үйлесіп, көмір салынған нағыз самаурыннан құйылған шай, балаларға арналған тәтті салқын сусындардан асқан ләззат жоқ шығар. Әрине, біз жаңа шыңдарды бағындыру үшін және өлкетану экскурсиялары аясында жаңа киелі орындармен танысу үшін келесі жұма күнін асыға күтеміз.


 

 

 

 

19.07.2019

Возврат к списку