Жаңалықтар
«Елімді сүйемін» қайырымдылық акциясы. Ә. Қастеев атындағы музейге экскурсия.

«Елімді сүйемін» қайырымдылық акциясы. Ә. Қастеев атындағы музейге экскурсия.

Благотворительная акция «Елімді сүйемін». Поход в музей им. А.Кастеева

«Елімді сүйемін» қайырымдылық акциясы. Ә. Қастеев атындағы музейге экскурсия.

Бүгін көп балалы отбасылардан шыққан және есту қабілетінен айырылған балаларға экскурсия ұйымдастырылып, тәтті сусындар мен Ә. Қастеев атындағы Қазақстанның мемлекеттік өнер музейіне билеттер таратылды.

Заманауи технологиялар мен гаджеттердің дамуына қарамастан, ақпаратты таратудың жаңа құралдары, музейлер мәдени және білім өміріндегі маңызды орталықтар болып қала береді. Өзіндік материалдық құндылықтар, өнер туындылары, халықтардың өмірінен алынған және дәуірлерден қалған дәлелдердан басқа, ерекше атмосфера, бай тәжірибе баланың тұлға ретінде қалыптасуына елеулі әсер етуге қабілетті. Біз осы экскурсияны балаларға еліміздің байлығын және мәдениетіміздің әр түрлілігін, оның материалдық айқындылығын көрсету, сондай-ақ балалардың эстетикалық талғамын дамыту үшін ұйымдастырдық.

Балалар экспонаттар, суреттер, мүсіндер, ескерткіштер мен заманауи иллюстрацияларға тәнті болды. Балалар жаудырған сан түрлі сауалдарға гидтар мен педагогтар мүмкіндігінше үлгеріп жауап беруге тырысты. Балалар бұрын оқып, естіген атақты картиналар мен иллюстрациялардың аясында бірнеше мәрте суретке түсті.

Қорытындылай келе, музейді аралау – бұл бала үшін пайдалы, қызықты және жағымды іс. Экскурсияны жарқын да есте қаларлық оқиғаға айнылдыруға көмектескен Қастеев атындағы музейдің гид қызметкерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз.

«Елімді сүйемін» акциясы шеңберінде музейге жасалған бүгінгі сапарымыз Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры жазғы демалыс кезеңінде балалардың демалуы үшін ұйымдастыратын экскурсиялардың бірі болып табылады. Каникул басталғалы бері Аула клубтарының балалары зообақта – 200 адам, кинотеатрда – 150 адам, Сұңқар питомнигінде – 50 адам болып, Бартоғай өзеніне – 100 адам экскурсия жасап, 100 адам Үлкен Алматы өзеніне барып үлгерді. Сондай-ақ, басқа да табиғи жерлер мен қаладағы маңызды да пайдалы орындарға бару күтілуде.


 

 

 

 

17.07.2019

Возврат к списку