Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда жас құқық бұзушыларды оңалту орталығы ашылады

Нұр-Сұлтанда жас құқық бұзушыларды оңалту орталығы ашылады

Открытие центра реабилитации молодых правонарушителей. 15 июля. Нур-Султан

Нұр-Сұлтанда жас құқық бұзушыларды оңалту орталығы ашылады

Нұр-Сұлтанда «Заң үстемдігі және Қазақстандағы жас құқық бұзушыларды оңалту» жобасының аясында жас құқық бұзушыларды оңалту орталығы ашылады. 200 құқық бұзған жас азамат орталықта кешенді оңалту бағдарламасынан өтетін болады.

Жоба Жастардың әлеуметтік және тұрақты даму қоры және БҰҰ Демократия қорымен жүзеге асырылуда және Қазақстан жастарының арасындағы қылмыс пен рецидив қатерлерін төмендетуге, жас құқық бұзушыларды әлеуметтік оңалтуда кешенді интервенциялық модельді дамытуға бағытталған.

Жоба барысында қатысушылар әлеуметтік және азаматтық дағдыларды үйреніп, психологтармен жұмыс істейді және коммуникация, өзін-өзі таныстыру, көшбасшылық, түйіндеме жазу, жастарға арналған бағдарламалар мен жобалар бойынша тренингтер өтеді.

Оқыту мен психологиялық оңалту кезеңінен кейін жастар еріктілік жобаларына, Жұмыспен қамту орталығының бос орындар жәрмеңкесіне қатысады. Жоба ұйымдастырушылары жас азаматтарға жұмыс тауып, жұмыс берушілермен кездесулер ұйымдастырып, оқу орындарымен кездестіріп, білім алып, қызметке тұруға көмектеседі.

Тренерлер мен психологтар мінездемелеріне сәйкес 200 қатысушы арасынан 10 адам ары қарай қылмыстардың алдын-алу жобасының тренері ретінде оқуын жалғастыруға іріктеледі. Жоба аяқталғанша іріктелген қатысушылар өздерінің әлеуметтік немесе бизнес-жобаларын бастау үшін стипендия ала алатын болады.

Толығырақ ақпарат қажет болған жағдайда +7 705 147 39 50, +7 777 614 17 82 телефондарына хабарласа аласыздар.
12.07.2019

Возврат к списку