Жаңалықтар
Иран Республикасының делегациясымен кездесу

Иран Республикасының делегациясымен кездесу

Встреча с делегацией Республики Иран

Иран Республикасының делегациясымен кездесу

Unicef халықаралық жобасы аясында жасөспірімдер мен жастарға арналған қызметтерге қатысты Қазақстанның тәжірибесімен танысу үшін Алматыға Иран делегациясы келді. Иран үкіметінің 12 өкілінен тұратын шетелдік делегация Қазақстанда бір апта бойы болып, Алматы қаласынан басқа Қызылорда облысын аралайды. 
Шетелдік әріптестердің сапарының басты мақсаты жасөспірімдер мен жастардың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтауға, оның ішінде қауіпті мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған Қазақстанның тиімді бағдарламаларының үздік тәжірибелерін зерделеу болып табылады. Делегация келесі салаларға ерекше қызығушылық танытты:
- Мінез-құлықтың қауіпті нысандарына ие жасөспірімдердің әл-ауқаты;
- Жасөспірімдердің осал топтары арасында есірткіні қолданудың және АИТВ/ЖИТС алдын алу;
- Осы бағдарламаларға неғұрлым осал топтағы жасөспірімдердің барынша қатысуы;
- Осал топтағы жасөспірімдердің алдын алуға қол жеткізуге арналған аутрич.
Делегация барған алғашқы маңызды нысан Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС алдын алу және күрес орталығы болды, онда ҚР ДСМ Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының жетекші мамандарымен шетелдік әріптестеріміз келіссөздер жүргізіп, бірқатар өзекті мәселелерді, сондай-ақ оларды шешу жолдарын талқылады. Сондай-ақ делегация Алматы қаласының SOS Балалар ауылына және «Реванш» ҚҚ-на барды, онда мекеме басшылығымен тек білім беру үдерістері ғана емес, сонымен қатар жастарды кешенді әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды.
Келесі прогрессивті жастар кеңістігі ретінде Иран делегациясы «Depo Evolution Park» Жастар Loft орталығымен танысты, онда өзекті мәселелерді қарау және тәжірибемен алмасу үшін диалогтық алаң ұйымдастырылды. Қонақтарға Алматы қаласы Жастар ресурстық орталығының, Co-working орталығының жұмысы таныстырылып, онда жастарға әртүрлі семинарлар, мастер-класстар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, консультациялар және басқа да түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады. Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Алма Ауганбаева бүкіл ғимарат бойынша экскурсия өткізіп, Жастар Loft орталығында орналасқан Волонтерлік орталық, Жас суретшілер орталығы, Жастар ресурстық орталығы, Кеңес беру орталығы, Алматы қаласының жатақханалары мен Аула клубтарына жетекшілік ету орталығы секілді ұйымдар туралы айтып берді. Делегация өкілдері жастарға арналған Аула клубтарының жұмысын ұйымдастыру мәселесіне, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының жұмысына қызығушылық танытты. Сонымен қатар, шетелдік қонақтар волонтерлермен және Мемлекеттік қордың жас қызметкерлерімен қалада жастар саясатын дамыту туралы, жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы, есірткі құралдары мен ішімдікті теріс пайдалану, АИТВ/ЖИТС жұқпасы туралы әңгімелесті. 
Біз шетелдік қонақтармен өз тәжірибелерімізбен және білімдерімізбен бөлістік. Қазақстанда жоғарыда аталған проблемалармен қалай күрес жүргізіліп жатқаны және елдің дені сау және табысты жастарының одан әрі дамуы үшін қандай шаралар қолданып жатқаны туралы айтылды. Бүгінгі кездесу туралы естелік сыйлықтар берілді. Шетелдік қонақтардың сапары екі жаққа да нәтижелі болды және жастарды қолдау үшін жаңа бағдарламалар мен клубтарды ұйымдастыруға және бейімдеуге көмектеседі деп үміттенеміз.
Сондай-ақ, шетелдік делегация ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығына, Қалалық адам репродукциясы орталығының базасында Жастар денсаулық орталығына барып, осал жасөспірімдермен жұмыс істеу тәжірибесі бар, қатерді төмендету бойынша аутричпен жұмыс істейтін ҮЕҰ-мен кездеседі.







 
16.07.2019

Возврат к списку