Жаңалықтар
Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры «Сұңқар» питомнигіне сапар жасады

Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры «Сұңқар» питомнигіне сапар жасады

Экскурсия в соколиный питомник "Сункар"

Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры «Сұңқар» питомнигіне сапар жасады

  Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры (ЖСДМҚ) Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өскелең ұрпақты әлеуметтік, мәдени, рухани, физикалық тұрғыдан дамыту бойынша белсенді қызмет атқарады. Алматы қаласы ЖСДМҚ жанында 40 Аула клубы жұмыс істейді, олардағы үйірмелер мен секцияларға 5000-ға жуық бала, жасөспірімдер мен жастар тегін қатысады. Қолайсыз, аз қамтылған және көп балалалы отбасылардан шыққан балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Жазғы демалыс басталысымен оны қалай өткізуге болатыны жөнінде көптеген жоспарлар туындайды. Балалардың көбісі жазғы лагерлерге, шетелге, теңізге кетеді, бірақ осыған мүмкіндігі жоқ отасылар да бар, сондықтан олардың балалары жазғы уақытын балаларға арналған алаңдарда өткізеді. Оларға және олардан үлкен балалар үшін біздер әдетте тауларға, каньондар мен сарқырамаларға саяхат ұйымдастырамыз, қол жетпес Шыңдарды бағындырамыз.
  Осы мақсатта және демалысты дұрыс ұйымдастыру, белсенді өмір салтын қалыптастыру, туған өлкенің тарихын зерттеу үшін Алматы қаласы Демалыс орталықтарының балалары мен жасөспірімдері үшін демалыс кезеңіне арналған жеке жұмыс жоспарын әзірледік. Балалардың қаладағы ыстықтан біраз демалуы үшін бүгінде біз Алматы тауларының бойындағы Алмаарасан шатқалында орналасқан «Сұңқар» питомнигіне сапар жасадық. Экскурсия тегін ұйымдастырылады.
«Сұңқар» питомнигі 1989 жылы құрылған болатын. Питомниктің негізін қалаушылар биологиялық алуан түрлікті сақтау жөніндегі халықаралық бағдарлама туралы біліп, Қазақстандағы браконьерлердің айуандық әрекеттерінің салдарынан жойылудың әзер алдында қалған жыртқыш құс сұңқардың жойылып бара жатқан түрі – ителгіні сақтап қалу бағдарламасын қолдады. Жағдайды дұрыстау үшін Алматы хайуанаттар бағына сұңқар-ителгінің 13 дарақысы сатып алынған болатын. Қазіргі таңда «Сұңқар» питомнигінде сирек кездесетін, жойылып бара жатқан жыртқыш құстардың 450 дарақысы бар.  Балалар сұңқар салынатын аңшылықтың тарихы, жыртқыш құстардың биологиялық ерекшеліктері және өмір тіршілігі туралы үлкен ақпарат алып, түрі жойылып бара жатқан құстармен әдемі естелік суреттерге түсті. Экскурсияның қызықты болғандығы соншалықты балалар тамсана да, таңдана да өздерін қызықтырған сұрақтарының жауабын біздің гидтен біліп алды.
  Сондай-ақ, Сұңқар орталығының аумағында иттер питомнигі де бар, ондағы негізгі объектілер қазақтың тазысы мен орта азияның овчаркасы және 40 жылқыға арналған ат қора болды.
Балалар мауқы қанғанша шынайы табиғаттың аясында серуендеп, экскурсияның соңында Тұңғыш Президенттің саябағында болып қайтты.










11.07.2019

Возврат к списку